2023 жылғы 12 қазанда №10 орта мектептің бастауыш мектеп жасындағы балаларына арналып «Үй әулиесі шақырады» атты ойын-театрландырылған бағдарламасы өткізілді.
Балалық шақ әлемі ертегіден бастау алады. Ең жарқын ертегі кейіпкерлері – Баба Яга мен Үй әулиесі, нақ солар бағдарламаның негізгі қатысушылары болды. Баба Яга балаларға «Ертегі кейіпкерін танып, біл» атты ертегілер желісі бойынша бейне викторина өткізі, ал Үй әулиесі ертегі заттары салынған себет әкелді. Кейіпкерлер ән шырқап, балалармен бірге биледі, сиқырлы оқиғаларды еске алды.