1987 жылдың күзінде мұражайда одақтық республикалардың мәдениеті мен өнері онкүндігі аясында «Ленинград қаласы суретшілерінің сәндік-қолданбалы өнері» экспозициясы ашылған болатын. Көрмеде фарфордан, керамикадан, шыныдан жасалған дүниелер, гобелендер, зергерлік бұйымдар мен театрлық қуыршақтар назарға ұсынылды. Осы туындылардың көпшлігі Ресейде ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де көрсетілген болатын. Бірқатар келіссөздерден кейін, 1988 жылы осы туындылар біздің мұражайға сыйға тартылды.