Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы 2006 жылы 23 қарашада Қайым Мұхамедхановтың қыздары Дина мен Розадан біздің жазушы-жерлесіміз туралы материалдар алды. Қайым Мұхамедханов – жазушы, драматург, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, көрнекті абайтанушы.
Жазушы қыздарының Алматыда тұратындықтарын білгеннен кейін біздің мұражай олармен байланыс жасап, нәтижесінде тек Қ. Мұхамедхановтың шығармашылығы жайлы ғана емес, ол кісінің жазушылық ортасы жөнінде де мағлұмат беретін құнды материалдарға ие болдық.
Ең алдымен, олар: балалары жинастырған Қайым Мұхамедхановтың 2005 жылы Алматыда жарияланған «Абайдың ақын шәкірттері», «Зерттеулер, мақалалар» атты шығармалар жинағы, фотосуреттер көшірмелері, республикалық және облыстық газеттерден алынған Қайым Мұхамедханов жайлы мақалалар. Әрбір затта «Қайым Мұхамедханов отбасының тартуы» деген жазу бар.
Қызықты бір жәдігер – Қайым Мұхамедхановтың Н.С. Хрущевке жазған хаты. Бір кезде ол осы хатты жазуға Шәкәрімнің ұлы Ахатқа көмектескен. Ахат хатында СОКП Орталық комитетінің бірінші хатшысы Н.С. Хрущевтен ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында жазаға ұшыраған жазушы және философ әкесі Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармаларын қазақ әдебиеті қатарына оралтуды сұраған өтінішті қарауды өтінген. Ол бұл жерде өзін жазықсыз жәбірленген әкесінің ұлы емес, Шәкәрімнің қазақ халқы тарихына қосқан үлесінің қаншалықты маңызды екендігін жете білетін оқытушы ретінде танытқан. Хат 1964 жылы жазылған, ал, тілегі тек ХХ ғасырдың соңында ғана қанағаттандырылды.
Мұражай қорына Қ. Мұхамедхановтың ғылыми шығармашылығы туралы, автордың өзі қатысқан тартымды видеофильмдер жазылған DVD-диск келіп түсті. Жазба «Хабар» АҚ телеарнасында жасалған. Видеофильмге продюсерлік жасаған Қ. Мұхамедхановтың ұлы, осы телеарнаның қызметкері Жәнібек Мұхамедхан.
Апалы-сіңлілі Дина мен Роза тапсырған лекциялар жазылған дәптер мен Қазақстан Жазушылар одағы ІҮ съезіне қатысқан делегаттың мандаты сияқты мемориалдық заттар бірегейлігімен құнды.
Көрнекті абайтанушы Мұхтар Әуезовпен тығыз достықта болды. Оларды жақындастырған да абайтанушылық рухы еді.
Қайым Мұхамедхановтың балалары әкелерін есте сақтауда аса қайырымдылық танытуда.
Семей қаласында тұратын ұлдары Болат пен Қанағат мұражайға жазушының жейдесі, шапаны, костюмі, қысқы бөркі, туфлиі, Қ. Мұхамедхановтың жазысқан хаттары сияқты мемориалдық заттар жиынтығын тарту етті.
Ұлдары әкелерінің өмір тарихының ең қиын жылдарын, жас ғалым «халық жауы» атанып, Семейдің ішіндегі абақтыға жабылғанын көріп өсті.
Ғалымның бар өмірінің басты бағыты Абай мұраларын оқып-үйрену болып қалды. Қамаудан әрең-әрең босаған Қайым аға Абайдың белгісіз 3 өлеңін тауып алады, 1956 жылы тағы алты өлеңін табады. Олардың барлығы тек жарияланып қана қоймай, ұқыптылықпен мәтінтанымдық талдау жасалып, тиісті түсініктер беріліп отырды. 1955-1959 жылдары ол абайтану жөнінде 11 мақала жазған, «Мағауия Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы» және «Абай шығармаларының мәтінтануы» 2 монографиясы жарыққа шыққан.
Қайым (Ғабдылқайым) Мұхамедханов Мұхтар Әуезовтен кейін алғашқылардың бірі болып Абай шығармашылығын зерттеуді жалғастырды. Ол кісіні Қазақстанның басты, көрнекті абайтанушысы, оқытушы деп толық айтуға болады.
Көрнекті абайтанушы өмірінің сенімі: «Абайға арналған өмір». Қайым ағаның есімін атағанда көз алдыңда Абай мен Мұхтар Әуезовтің бейнесі тұрады.
Мұражай қазақтың ұлттық мәдениетінің әдебиеттану дәстүрін дамытуда зор үлес қосып отырған әкелерінің мұрасын көздің қарашығындай сақтап келе жатқан Мұхамедхан отбасына ризашылығын білдіре отырып, көрнекті абайтанушының өмірі мен шығармашылығына байланысты бірегей заттардың мұражай қорына тарту етілуін байланысты алғыс айтады.
Мұражай-қорық қоры Қайым Мұхамедхановтың кітаптарымен, мемориалдық заттарымен толықты, бұдан былай да толыға беретініне сенеміз.
Карчалова А.М.
«Дидар», Өскемен, 24.07.2007
< Prev | Next > |
---|