Ж а қ с ы л ы қ ОМАР, облыстық мәдениет басқармасының бастығы:
- Ұлу жылындағы ең үлкен жетістігіміз - өңіріміздегі мәдениет саласының орнықты дамуы. Оның ішінде еліміздің төрт өңірінде, үш шетелде Шығыс Қазақстанның мәдени күндерін өткіздік. Бұл жеті сапардың
облыс имиджіне қосқан әсері үлкен. Және мұндай ауқымды шаралар бізден басқа еш облыста өткізіліп жатқан жоқ.Тағы бір айта кетерлік жетістігіміз, төрт қызметкеріміз жоғары мемлекеттік наградаларға қол жеткізді. Айталық,
облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев «Парасат» орденімен, Семей қаласындағы «Театр-сервис-«Жаңалық» мекемесінің директоры Яков Горельников ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, А.Пушкин атындағы кітапхана директоры Хабиба Ақжігітова «Құрмет» орденімен, Абай аудандық мәдениет үйінің әншісі Бақыт Шағатаева «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды. Өзім министрлік тарапынан «Мәдениет саласының үздігі» атты төсбелгі алдым. Мұны бес адамға ғана емес, облыс мәдениетіне берілген баға деп қабылдау керек.
Тағы бір жетістігіміз деп облыс Әкімінің қолдауымен мемлекет меншігіне қайтарылған Металлургтер мәдениет сарайын атауға болады. Ендігі бір мерейлі дүние, облыс орталығында қазақ драма театры құрылысының басталуы. Себебі, бүгінгі күнге дейін Өскемен еліміздегі қазақ театры жоқ жалғыз облыс орталығы болып отыр. Міне, бұйырса алдағы Жылан жылы ол шаруа да дөңгеленбек.
Әзірлеген – Мұратхан Кенжеханұлы
г. Дидар. 29 желтоқсан 2012 жыл.
< Prev | Next > |
---|