Облыс орталығында атақты Диснейлендтің өзіндік нұсқасы пайда болмақ. Бұл туралы сол жағалаудағы этнографиялық және табиғи-ландшафттық саябақтың директоры Николай Зайцев мәлім етті.
Жоба авторларының сөзіне сенсек, балаларға арналған қалашықта ұзақтығы 2 шақырымды құрайтын темір жол салынады. Онымен 40 орындық 5 вагоны бар паровоз қатынайтын болады. Теміржол бойында 11 бекет салу көзделуде.
Саябақ ішінде Парсы елі мен Қытай арасын жалғаған Ұлы Жібек жолының маршрутын қайталайтын жол да салынбақ.
«Балалар үшін Диснейленд ішінде бой көтеретін Ай қалашығы мен Юра дәуірінің саябағы да барынша қызықты болмақ» дейді авторлар. Әсіресе, 11 түрлі динозавры бар Юра дәуірінің саябағы көптің назарын өзіне аударары сөзсіз.
Сонымен қатар, теңіз қарақшыларының бухтасы да балалардың көңілінен шығатынына сенім мол.
Жоба ауқымды болғандықтан, оны жүзеге асыруға қомақты қаражат пен айтарлықтай уақыт қажет. Ең бастысы, идея авторларының бұл бастамасы билік тарапынан қолдау тауыпты.
Шығыс-Ақпарат.
г. Дидар. 21 қаңтар 2013 жыл.
< Prev | Next > |
---|