• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
басылымдар музей-қорық туралы мақалалар Әлімжан Қаділбекұлы. Боздақтарға арнап шырақ жақты

Әлімжан Қаділбекұлы. Боздақтарға арнап шырақ жақты

Сегізінші  мамыр  күні кешке  Өскемендегі «Жастар» саябағында Ұлы Отан  соғысында  қаза  тапқан  өскемендік  жауынгерлерді  еске  алуға  арналған  шырақ  жағу  акциясы  өтті.

Сұрапыл  соғыста  өскемендік  жауынгерлер де  жан  аямай  ерлікпен  шайқасты. Ел басына  күн  туған  шақта  Отанын  қорғауға  аттанған  7199 боздақ  майданнан  елге  қайтып  оралмады. Акцияны  өткізуге  жиналған  қала  тұрғындары мен  қонақтары  «Жас Отан» қозғалысының  белсенді  жастары Даңқ  мемориалынан  әкелген Жеңіс  алауымен шырақтарды  жағып, бейбіт  өмірді  аңсап, арманда  кеткен  жауынгерлердің рухына  бас иіп, тағзым  етті.

«Бәрі  де  майдан  үшін,  бәрі де  Жеңіс  үшін» деген  ұранмен  еңбек  еткен  өскемендік  тыл  қаһармандары  да  жеңісті  жақындатуға  өз  үлес-терін  қосты. Жауынгерлер  мен тыл  еңбеккерлерінің  ерлікке толы  өмірлері  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  болып, ол  жадында  мәңгі  сақталады. Солардың  арқасында  бейбіт  өмірге  жеткен  бүгінгі ұрпақ  даңқты дәстүрді жалғас-тырып  келеді.

Әлімжан  Қаділбекұлы

«Дидар» газеті, № 62, 2008 жыл, 13  мамыр

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …