Жуықта Шығыс Қазақстан облыстық сәулет- этнографиялық және табиғи - ландшафтық мұражай қорығында аталмыш мекеме мен Иран Ислам республикасының Қазақстан республикасындағы елшілігі жанынан құрылған Иран мәдени өкілдігінің ұйымдастыр-уымен «Иран – Шығыстың інжу- маржаны» атты көрме ашылды.
Көрмеге көрерменнің көз жауын алғандай, ағаштан, металдан, қыштан жасалған, Иран мәдениетін жырлайтын әсем бұйымдар мен қүран үзінді-лері жазылған сәндік паннолар, кітаптар қойылды.
«Бай мәдениетіміз үш мың жылдық тарихқа ие» деген иран өкілдері өз өркениетінің аты затына сай екенін Өскемен халқына дәлелдеп берді.
Осы мәдениеттің аты әлемге мәшһүр болуының өзін басқа елдермен тығыз қарым- қатынас жасағаннан бөле қарауға болмайды. Осы ойымның жарқын дәлелі : жоғарыдағы аталмыш көрмені ұйымдастырған Иран мәдениет өкілдерінің С . Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құзырлы орындарына осы шараны студенттер ортасында ашу туралы ұсыныс қойғаны. Міне , бұл ұсыныс та олардың биік шыңға шығуының бір баспалдағы болар.
Сөз соңында айта кетер бір жәйт, қонақтардың құнды бұйымдарын қызығушылықпен тамашалаған мені көзіме шоқтай басылған осы мұра-жайдің төл мұралары , қазақи ою- өрнектер, бабам асынған бес қару әжемдей мейірленіп, жанынан алыстатпай – ақ қойды.
«Әркімнің өзі шыққан тауы биік» демекші , ең бастысы өзге ұлттң мәдениетін таныта отырып, өз ұлтымыздың да салт- дәстүрі мен ұлттық құндылықтары көркейе берсе екен.
Мұратхан Кенжехан
С . Аманжолов атындағы ШҚМУ- дың студенті.
«Дидар» газеті № 32, 2009 жыл 12 наурыз.
< Prev | Next > |
---|