Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығының айшықты-әсем, келісті-көркем, көрнекі орындарының бірі - Ертістің сол жағалауындағы сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық қррық мұражайында бой көтеріп жатқан этнографиялық ауылға ат басын бұрды. Жиналған жұртшылық мемлекет басшысын «Біз біргеміз!» деген ұранмен қуана қарсы алды. ^
Жалпы Шығыс Қазақстанда елімізде алғашқы болып Қазақстан халкының кіші Ассамблеясы құрылған болатын және оның жұмысымен өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының аяғында Елбасы Нұрсултан На-зарбаев танысқан еді. Содан соң облысты мекендеуші халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтау мен тілдерін дамыту жөніндегі осы тәжірибесі мақұлданып, зерттеліп, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру кезінде негізге алынған болатын.
Ашық аспан астындағы мұражайда облыста тұратын этностардың ағаштан, тастан әр кездегі үйлері салынған, оларды бұрынғы тұрған орындарынан әкеліп, дәл сол қалпындағы көшірмелерін орнатқан. Қазір мұражайда тұрғын үйлер мен қора-жайларын қоса есептегенде барлығы 45 нысан бар. Әсіресе олардың ішінде жиырмасыншы ғасырдың 30-шы жылдарындағы отырықшы қазақтардың қыстау үйі, тас үйі, казактардың усадьбасы, поляктардың, татарлардың, кәрістердің, немістердің әр кездегі үйлерінің қүрылысы көңіл аудартады. Оның үстіне жеке тұрған тошала үй, ұста дүкен және Шілікті қорғанының макеті де бар. Енді мұражай аумағында 500-600-адамға арналған зал салу жоспарлануда.
Дархан қазақ жерінде алаңсыз өмір сүріп, мәдениеті мен тілін дамытып отырған облысты мекен етіп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің Елбасына деген құрметі мен ризашылығы да шексіз екен. Олар мемлекетіміздің барлық жетістігі ұлттар мен ұлыстар арасындағы тату-тәтті тірлік пен ауызбіршіліктен екендігін ерекше атады.
- Өскемен жақсарып, көркейіп келеді. Облыс басшысы менің тапсырмаларымды орындап отыр. Кеше үлкен балабақша ашыл-ды. Теннис кортын аштым. Қала да, тұрмыс та жақсарып келеді. Дағдарысқа қарамастан ешкім де жұмыстан қысқарып қалған жоқ. Қайта керісінше жаңа жүмыс орындары ашылып жатыр. Облыста 30 мектеп және 5 дәрігерлік мекеме пайдалануға берілмек. Сіздердің міндеттеріңіз - достықты, өзара сенімді нығайту, бір-бірлеріңізді құрметтеу, балаларға жақсы білім беріп, ез елінің патриоттарын тәрбиелеп шығару, - деді Елбасы.
Азамат Қасым, Серік Әбілхан, Еркінбек Асқарұлы
г. Дидар, 2010 ж., 7 қыркүйек
Next > |
---|