No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


Музей-қорықтың барлық бөлімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне дайындық жұмысына кіріскен. Халықтар этнографиясы және аз санды этнотоптар бөлімі 2019 жылдың 13 желтоқсаны күні №10 мектеп-гимназияның оқушылары үшін «Туған күніңмен, Тәуелсіз Қазақстан!» атты сыныптан тыс музейлік іс-шара өткізді. Бөлім меңгерушісі Татьяна Свахинаның сөзіне қарағанда,  оқушылар тек өз мемлекетінің тарихын ғана біліп қоймай, мемлекеттің атаулы күндерінің маңызын да түйсініп, тапсырылған белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу мен монолог жүргізуге де үйренуі, сондай-ақ, постер мен коллаждарды безендіру арқылы өздерінің дағдылары мен мүмкіндіктерін көрсете білуге дағдылануы керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ жетекші қойған сауалдарға жауап берді. Іс-шараны ұйымдастырушылар балалардың көңілін аулай отырып, ойын элементтерін қолданды. Жүргізуші аталған кездесуді қорытындылай келе ғаламшарда өмір сүретін әрбір адам өзінің Отанына, халқы мен еліне және жері мен тарихына деген асқақ сезімді бастан кешетінін айтты. Бүгінгі күні біздерге өткенімізді ұмытпауымыз, бүгінгімізді танып-білуіміз, сөйтіп, жарқын болашағымызды жасауымыз керек. Ал біздің ортақ міндетіміз – бір шаңырақ астындағы ортақ үйімізде бірлік пен келісім және бейбітшілік орнығуына бар күшімізді жұмсау.

 

Ақын Владимир Фирсовтың: «Бәрі де өтеді.  Ал Отанның өзгермейтіні ақиқат. Онымен бірге өмір сүреді, оны сүйеді, қамығады, қуанады және Отан үшін жығылып, қайта биікке самғайды. Дауыл артынан кемпірқосақ салтанат құрады, ал бейнет соңынан өмір салтанат құрады!» деген жолдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараға өзіндік бір негіз  болған сияқты. Кездесуді 2019 жылдың 11-12 желтоқсан күндері ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Бриг» атты жекеменшік бизнес-мектебінің оқушыларымен өткізді.

 

Ақпараттық-ағарту бөлімі жазушы, қоғам және саясат қайраткер Әбіш Кекілбаев туралы (1939-2015) фильмдер көрсетуді бастады. 11 желтоқсан күні бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаева Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ-нің оқушыларына аталған жазушының 80 жылдығына орай шығарылған «Самғау» және «Әбіш  Кекілбаев» атты фильмдерді ұсынды. Бұл фильмдер бірін-бірі толықтырып тұр. Оның біреуінде Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен туған жерімен байланысы туралы сөз сапталса, екіншісінде  жазушы, филолог,  әл-Фараби атындағы Қазақ   ұлттық университетінің және Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессорының шығармашылық жолы жайлы әңгімеленеді.

 

2019 жылдың 11 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері А.А. Григорьева мен О.М. Байғонысова «Менің Отаным – менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты виртуалды дәріс-әңгіме өткізді. Іс-шараға Өскемен қаласындағы №4 орта мектептің 3 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 30 адам.

Балалар дәріс барысында мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі басты оқиғаларды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың осынау тарихи маңызды үдеріс жылдарында сіңірген еңбегін кеңінен танып-білді. Онда сонымен қатар еліміздің тамылжыған  табиғаты, табиғат сұлулығының қазақстандық суретшілердің еңбектері арқылы қалай суреттелгені, оларға тұмса табиғат қалайша шабыт бергені және суретшілерлің олар арқылы туған жерге деген махаббаттарын жеткізу сырларымен танысты. «Қазақстан Республикасының картасы», «Еліміздің рәміздері», «Мақал-мәтелдерді жинақта», «Картинаның атын ата» сынды конкурстар өткізілді. Дәріс барысында қалалар мен еліміздің табиғаты жайлы  баяндайтын бейнекөріністер көрсетілді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.


 

 

2019 жылдың 15 желтоқсанында, жексенбі күні музей-қорықтың Солжағалық кешенінде қысқы маусым ашылады. Ол салтанатты жағдайда өтеді. Қазір кешен аумағында мұз айдыны жасалған, ал Халифа Алтай мешіті жағынан кіретін тұсында балалар спорт мектебінің сырғанаушылары өнер көрсетеді. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімі ойын-конкурстық бағдарлама аясында арқан тарту және ептілер байқауын өткізеді. Ал орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері көрермендер ортасында сырнай   сазымен хоровод шырқамақ. Мерекелік бағдарламаға «Бастеньки» фольклорлық ансамблі қатысады. Жас келушілерді де небір көңілді шаралар күтуде. Олар үшін «Достар ортасында» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылады. Ал «Шамаң жетсе, қуып жет» атты эстафетаға  салтанатқа жиналған кез келген адам қатыса алады.

 


Page 40 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …