2024 жылғы 12 – 20 наурыз аралығында музей-қорықта «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты театрландырылған танымдық бағдарлама болып өтті. Іс-шараға Наурыз мейрамын қарсы алудың театрландырылған үлгілері ұсынылып, оларға қаладағы орта мектептердің оқушылары қатысты. Жүргізушілер балаларға мерекенің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы айтып берді. Балалар басты кейіпкерлермен бірге ертегілер әлеміне еніп, қазақтың халық ойындарын ойнады, байқауларға қатысты.