2025 жылғы 9 мамырда сағат 14.00-де Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының Солжағалық кешенінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс мұрагерлері» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара бағдарламасына қаланың әскери бөлімдерінің, ШҚО қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Мереке әсерлі эмоциялар тудырып, көрермендердің әрқайсысының жүрегінде терең ой қалдырды. Мерекелік бағдарламада облыстық филармонияның солистері және қаланың көркемөнерпаздарының ұжымдары қатысты.