• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size

Тәжіктер

Ұлттың өз атауы – тоджик. Негізінен Тәжікстанда тұрады. Тәжіктердің көпшілігі тәжік тілінде сөйлейді, ол үндіевропалық тілдердің батыс-иран тобына жатады. Діндар тәжіктер – суннит мұсылмандар.

Тәжіктер негізінен жер жыртып, егін еккен және мал өсірумен де шұғыданған. Басым бөлігі дәнді дақылдар, мақта, бау-бақшалық дақылдар мен көкөніс өсірген. Жазық жерлерде жүргізілген мал шаруашылығы көмекші роль атқарған.

Ертеден бері түрлі қолөнер: мақта, жібек, жүн және шұға маталар тоқу (таулы аудандарда ер адамдар тоқыған), зергерлік өнер, көзелік, тоқыма тоқу және кесте кестелеу (әйелдер) кәсіптері дамыған.

Үйлер, негізінен, балшықтан соғылған (таулы ацдандарда тас үйлер де бар), шатыры жайпақ, кейде террасасы (айвон) болған. Тұрғын үй ерлер және әйелдер бөліктеріне бөлінген. Қонақтарға арналған ерекше бөлме (мехмонхана)  тән, онда еденге киіз, мақта және жүн алашалар, кілемдер төселген, олардың үстіне үйжайдың бойымен көрпешелер (курпача) тасталған және ортасына – дастархан жайғастырылған. Қабырғаларын кестемен безендірген (сюзани).

Таулы аудандардағы негізгі азық-түлік – тандыр нан, сүт тағамдары, күріштен жасалған тағамдар, көкөніс пен жемістер. Нан тандыр пештерде пісіріледі. Қой және сиыр етін жейді. Жазық жерлерде тұратын тәжіктердің мерекелік дәмдері – палау, таулықтардікі – қой етінен пісірілген көже (шурбо).

Тәжіктердің дәстүрлі киімінде әр этномәдени аймақтың өзіне тән ерекшеліктері болған, дегенмен ортақ сипаттары бар. Ерлерде – туника үлгісінде пішілген көйлек, ауы кең шалбар, қаусырма шапан, орамал белбеу, тақия, шалма мен табаны жұмсақ етік, басы үшкір келген тері калош (оларды жеке киген, кейде етіктің сыртынан киген), таулы жерлерде – табанында тау соқпақтарында жүруге ыңғайлы болу үшін жасалған үш бүртігі бар сабо үлгісіндегі туфли киген. Әйелдердің үстінде – туника үлгісінде пішілген біртегіс матадан, ал таулы аудандарда, әсіресе Дарбаз бен Кулябта – кестелі көйлек болған.

Кең шалбарлар  тобықты жауып тұрған. Бас киім – орамал, тақия (гиссарлық тәжік әйелдерінде). Қалалық және жазық жерлерде тұратын тәжік әйелдері қаусырма шапан, жергілікті аяқкиім киген. Таулықтарда шапан болмаған. Қыздар мен жас әйелдер  негізінен иніші бар көйлек киген. Шалбарлары тарлау етіп тігіледі, жас әйелдерде тобықтан айтарлықтай жоғары болып келеді. Киім түрлі зергерлік бұйымдармен міндетті түрде толықтырылады: олар – сырға, білезіктер, жүріп келе жатқан кезде қозғалып, металдарының жарқылдап, тастарының жарқ-жұрқ етіп тұруы үшін көптеген салпыншақтары, шығыршықтары бар шекеліктер мен алқалар.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …