Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
экспозициялар Асыл мұра: қайнаркөздер және дәстүрлер

Асыл мұра: қайнаркөздер және дәстүрлер

Солжағалық этнографиялық кешен аумағындағы орталық киіз үйде 2018 жылы «Асыл мұра: қайнаркөздер және дәстүрлер» көрмесі ашылған болатын және әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Экспозицияда қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің естелігі арқылы Шығыс Қазақстан аумағында өткен тарихи үдеріс, сонымен қатар, қазақтардың көп қырлы шаруашылық және мәдени өмір салтының ерекшеліктері, қазақ шеберлерінің таным тереңдігі мен философиялық дүниетанымы көрініс тапқан.

Экспозиция археологиядан басталады. Сөрелерде Шілікті және Берел қорғандарын қазу кезінде табылған және қазақ халқының ежелгі мәдениетін бейнелейтін заттар бар.

Көрмеде қазақ этнографиясы бірнеше бөлімдерден тұрады. Бұлар көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік пен аңшылық, әскери құрал-жабдықтар, киім, зергерлік өнер, тоқымашылық, кесте тігу, киіз және былғары өндірісі, ағаш өңдеу, музыкалық аспаптар.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3018

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …