Кенді Алтайдағы орыс шаруаларының ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр басындағы дәстүрлі тұрақжайлары – изба. Үйдің қабырғалары қарағай бөренелерден тұрғызылған, еденді, сөрелерді, сәкілерді самырсын немесе балқарағай тақтайлардан жасаған. Тұрақжайдың негізгі қызметтік элементтері дәстүрлі түрде орналасқан: кіреберіс есіктің сол жағында саз-балшықтан соғылған пеш, пештің алдында ас дайындауға және ыдыс-аяқ сақтауға арналған бұрыш – «куть», онда иконалар үшін шағын сөре – «божница» орналастырылған, кірген жердегі төбенің астында ұйықтауға және төсек-орын сақтауға арналған тақтай төсем – «полати». Ауыз жақ және оң жақ қабырғалар бойымен әдетте сәкілер орнатылатын, олар отыру немесе жату үшін қолданылған. «Кутьтегі» жоғарғы сөрелер – «грядки» азық-түлік пен ыдыс-аяқ сақтау үшін пайдаланылған, осы мақсаттарға аспалы «шкапчик» та арналған, ал оның астындағы сөре – «залавок» ас дайындаған кезде үстел беті ретінде қызмет еткен. Үй әшекейлері ретінде сәндік сүлгілер, мерекелік асжаулықтар қызмет етеді, сондай-ақ пешті, төбені, терезелерді, есіктерді, арқалықты бояп, өрнек салған.
Үйге кіретін есік үйжайды атмосфералық әсерден (жаңбырдан, қардан, желден) қорғауға, азық-түлік, ыдыс-аяқ және тіршілікке қажетті басқа да керек-жарақтарды сақтауға арналған орынжай – сенектен ашылады.
< Prev |
---|