• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
экспозициялар ескі үйдің шатыры астында Ленинградтық суретшілердің сыйы

Ленинградтық суретшілердің сыйы

1987 жылдың күзінде мұражайда одақтық республикалардың мәдениеті мен өнері онкүндігі аясында «Ленинград қаласы суретшілерінің сәндік-қолданбалы өнері» экспозициясы ашылған болатын.  Көрмеде фарфордан, керамикадан, шыныдан жасалған дүниелер, гобелендер, зергерлік бұйымдар мен театрлық қуыршақтар назарға ұсынылды. Осы туындылардың көпшлігі Ресейде ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де көрсетілген болатын. Бірқатар келіссөздерден кейін, 1988 жылы осы туындылар біздің мұражайға сыйға тартылды.

Бүгінде «Ленинградтық суретшілердің мұражайға жасаған сыйы» көрмесіне ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы сәндік-қолданбалы өнер шығармалары көрмеге қойылған. Көрмеде қолдан тоқылған еңбектер – гобелендер назарға ұсынылған. Жоғары мәдениет, орындаушылық техника, функциялылық – бұл фарформен жұмыс істейтін денинградтық суретшілердің дәстүрі.

Көрмедегі керамика әр бағыттағы суретшілердің туындыларын паш етеді. А.В.Ларионовтың «Желтоқсан» вазасы – интерьерді безендіруге арналған туынды.

Көрмеде, сондай-ақ, бірқатар сәндік өрнекті панно-тәрелкелер назарға ұсынылған. Олардың кейбірінде суретшілер ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы үгіттік фарфор кескіндемесінің дәстүрлі стилистикасын қолданған, бұл оның даму тарихындағы жарқын кезеңі еді..Т.Е.Алексеевтің суретті және ішінара бояулы мөлдір вазалары ғажап. Е.М.Никитиннің шыныдан жасалған ертегілік жылқылары да көз тартады.

Суретшілердің зергерлік өнері лирикалық жұмсақ нақышпен сипатталады, дегенмен бірқатар шығармаларда нақты да қатаң ырғақтарға деген ұмтылушылық байқалады. Бұл көрме ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы сәндік-қолданбалы өнер тарихының жарқын бетінің айғағы болып табылады.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …