
Мақаншы ауданының мәдениет үйінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, облыс әкімі сыйлығының лауреаты Болат Каримұлы Исиннің «Көркем шежіре» көрмесі ашылып, көрермендерді 2018-2026 жылдар аралығында салынған акварель жұмыстарының сериясымен таныстырды. Көрмені Шығыс Қазақстан этнографиялық музейі мен Абай облысы Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Д.Б. Қойгельдинов сөз сөйлеп, суретшіге Құрмет грамотасын табыс етті, сондай-ақ музейге Абай портретін сыйға тартты. Іс-шараға мәслихат депутаттары, суретшінің әріптестері, қолданбалы өнер саласының оқытушылары мен жергілікті тұрғындар қатысты.







