11 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Солжағалық кешеніндегі алаңда тұңғыш рет «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді.
Шараға Сағыр ауылының, Қасым Қайсенов кентінің (ЖК «Жексембинов Б.Б.») фермерлік шаруашылықтарының, сондай-ақ, Катонқарағай ауданындағы Қайырғазы Мейірбаевтың шаруа қожалығының өкілдері қатысады деп күтілуде. Мерекені ұйымдастырушы – «Жібек жолы» ғылыми-зерттеу бөлімі.


























