«Біз – бір ағаштың бұтақтарымыз» деген атаумен мұражай-қорықтың көрмесі Алматы қаласындағы Қаныш Сәтпаев атындағы мемориалдық мұражайында ұйымдастырылды. Көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Көрмеде мұражай-қорық қорынан көпұлтты Қазахстан халқының әр түрлі киімдері: қазіргі үлгіде тігілген қазақтардың, украиндер мен белорустардың костюмдері, корейлердің, татарлардың, түркімендердің үйленутойылық костюмдері, орыстардың мерекелік костюмдері, удмурдтардың және мордвалардың күнделікті киетін костюмдері назарға ұсынылған. Мұражай-қорық қорынан барлығы 89 бұйым қойылған.
Көрменің салтанатты ашылуы 2015 жылғы 27 қазанда болды. Көрменің ашылу рәсіміне этностилдегі ұлттық және қазіргі заманғы киімдер коллекциясын ұсынған «Сымбат» дизайн және технология Академиясы қатысты.
Көрме 2015 жылғы 28 қарашаға дейін жұмыс істейді.
< Prev | Next > |
---|