• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер мұражайдан тыс Бір шаңырақ астында. 2006

Бір шаңырақ астында. 2006

Мұражай-қорық қорындағы ШҚО халықтарының материалдық және рухани мәдениеті жөніндегі бұйымдар коллекциясы (326 зат) 2006 жылы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне көрмеге қойылды.

«Бір шаңырақ астында» көрмесінің салтанатты ашылуына қалалық әкімшіліктің өкілдері, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. «Бір шаңырақ астында» көрмесіндегі діни заттар, сондай-ақ осы жылы Астана қаласындағы Бейбітшілік сарайында өткен Әлем діндері съезінде көрсетілді.

Көрме Шығыс Қазақстан халықтарының материалдық және рухани мәдениетімен таныстырды. Облыс аумағында 105 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады.

ХІХ ғасырдың ортасына дейін Шығыс Қазақстан облысы халқының басым көпшілігін қазақтар құраған. Өлкеде орыс және басқа да жергілікті емес ұлттардың қалыптасуы Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру барысында басталды. Казактар ХҮІІІ ғасыр – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы алғашқы орыс қоныстанушылары болды.

ХҮІІІ ғасырдың бірінші тоқсанында Ертісте қамалдар мен редуттар салынған кезде Ертіс және Колыван-Воскресение желілері пайда болды. Қамалдарға қоныстанған казактар этникалық жағынан біртұтас болған жоқ, олардың арасында орыстар, украиндар, татарлар, поляктар, қалмақтар мен басқа да этностар болды. Сол кезде алғашқы орыс шаруа деревнялары, ал ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басында – украин, белорус, эстон және неміс қоныстары пайда болды. Сөйтіп Кенді Алтай аумағында қазақтармен бірге басқа да халықтар тұра бастады.

Қоныс аудару қозғалысының екінші кезеңіне Петр Аркадьевич Столыпиннің аграрлық өзгерістер жасаған жылы жатады. 1900 жылғы Жарлық бойынша жері аз шаруалар Сібір мен Қазақстанға көшті.

ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары ұжымдандыру, кулактарды тәркілеу нәтижесінде облыс халқының ұлттық құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. Орыстардың, татарлардың, немістердің саны артты. Дәл осы кезеңде белорус қоныс аударушылары келе бастады. Оларды Риддер мен Шемонаиха кеніштерінен кездестіруге болатын.

Ұлы Отан соғысының алдында және соғыс кезінде немістер, корейлер, чешендер, ингуштар мен басқа да халықтар Қазақстанға жер аударылды. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысының аумағына арнайы қоныстандырылғандардың саны 1940 жылғы 1 қаңтарға қарағанда 90 мыңнан асты.

1950-ші жылдары өлкенің индустриялық дамуына және тың жерлердің игерілуіне байланысты облысқа басқа республикалардан қоныс аударушылардың ағылуы жалғасты. Соның нәтижесінде тұрғындардың сандық және ұлттық құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырады.

1960-шы жылдары көші-қон процесі мен халықтың келу процесі баяулап, миграциялық көшіп кету үрдісі басталды, бұл ХХ ғасырдың соңына қарай үдей түсті. Қорытысында халық құрамындағы қазақтардың үлесі 23,2 пайызға дейін артып, ал орыс этносы 69,5 % дейін азайды. Украиндардың, немістердің, татарлардың және басқа да ұлттардың үлес саны төмендеді. Бірақ, осының бәріне қарамастан, Шығыс Қазақстан көпұлтты өңір болып қалуда және оның халқы бір шаңырақ астында бір отбасындағыдай бейбіт әрі береке-бірлікте өмір сүріп жатыр.

1992 жылдан бастап облыс халықтарының кіші ассамблеясы жанында Достық Үйі жұмыс істейді, ол 42 ұлттық-мәдени орталықтардың басын біріктіруде.

Көрмеде Қазақстандағы Украина Жылы құрметіне украин ұлттық-мәдени орталығы «Чаровница» үйірмесінің жетекшісі Раиса Федоровна Авдееваның жұмыстары назарға ұсынылды.

Көрмеге дизайнер, киім үлгілеуші-стилист Евгения Михайловна Бражникова қатысқан болатын. Ол «Бурда моден» баспасының 45 жылдығына арналған Алматыдағы республикалық конкурстың жүлдегері (1995 ж.), «Image»  үлгі агенттігі өткізіп жүрген облыстық сән фестивалінің (1998 ж.) және басқа да көптеген фестивальдердің лауреаты. Павлов посад кашемир орамалдарын пайдаланған үлгілері Е.М.Бражникова коллекциясының нағыз інжу-маржаны болып табылады.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …