• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер қордан Алтай жерінің жыршылары. 2012

Алтай жерінің жыршылары. 2012

Мұражай-қорықта Шығыс Қазақстан жерінде туған немесе осында шығармашылықпен айналысқан жерлес-жазушыларға арналған көрме ашылды, өскемендіктер туындыларын мақтан тұтатын олар 2012 жыл мерейгерлері болып табылады...

Есімдерімен өлкемізді әйгілі еткендер: Георгий Гребенщиков, Дмитрий Черепанов, Михаил Чистяков, Владимир Петров, Юрий Антропов, Меңғали Мусин және т.б.

Георгий Гребенщиковтың шығармашылығы орыс және әлем әдебиетінде көрнекті құбылыс болып табылады. Оның шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Америка, Үндістан, Франция, Испания, Аргентина, Мексика, Бразилия ғылым және өнер академияларының, университеттерінің марапаттары мен құрметті дәрежелеріне ие болды. 1920 жылы Америкаға эмиграцияға кеткен Г.Гребенщиков Шығыс Қазақстан жерін әсте ұмытқан емес.

 

 

Дмитрий Черепанов пен Владимир Петровтың туындылары көптеген оқырмандарға таныс. Жазушылық қызметпен шұғылданған жиырма жыл ішінде Владимир Николаевич повестері мен әңгімелерінің 25-тен астам жинағын баспадан шығарды. Семейдің Ф.Достоевский атындағы орыс драма театры Дмитрий Феофановичтің «Аққан жұлдыз» атты пьесасы бойынша спектакль қойды.

Өскемен қаласы атақты ақын М.И.Чистяковтың отанына айналды, ол көптеген өлең жинақтарының авторы. Ақынның шығармашылығы үш телефильмге арқау болған. Қазақстандық әдебиетті дамытуға қосқан үлесі үшін ол Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрметті грамотасымен екі мәрте марапатталды.

Шығысқазақстандық жазушылар Юрий Антроповтың, Михаил Тыцкихтің шығармашылықтары да оқырмандарды қызықтырады. Өз туындыларында олар туған өлкемізді жырлайды.

Біздің өңірде жазушы М.Ш.Мусин есімі кеңінен танымал. Оның қаламынан шыққан бірнеше кітап Ұлы Жеңістің 60 жылдығына, Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясына, атап айтқанда біздің облыстағы татар диаспорасына арналған болатын.

Кенді Алтайдың өмірден ерте кеткен ақындары – Александр Романовтың, Виктор Веригиннің, Анатолий Серебрянниковтің өлеңдер жинақтары да назар аударарлық.

Шығыс Қазақстан өзінің бай мәдени дәстүрлерін мақтан тұтады, өйткені әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар дарынды жазушылар мен ақындардың тамаша шоғыры оқырмандар әлеміне осы жерден жол тартты. Кенді Алтайдың әдеби тарихы ерекше бай!

Тамаша сөз зергерлері К.С.Первушин, Л.Г.Медведева, Ю.С.Манаков, С.А.Комов және басқалар бүгінде жемісті еңбек етіп жүр. Н.М.Чернованың, Л.В.Феофанованың, А.И.Казанцевтің, Е.А.Титаевтың шығармашылықтары зор қызығушылық туғызуда.


Мерейгерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз!

Шығармашылық шабыт сарқылмасын!

Ашық аспан, бейбіт өмір тілейміз!

 

 

 





 

Петрова Н. П.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …