• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер қордан «Жаңажылдық ғажайып». 2013

«Жаңажылдық ғажайып». 2013

«Жаңажылдық ғажайып»«Жаңажылдық ғажайып»

«Жаңажылдық ғажайып» көрмесі мұражай-қорығының қорындағы жаңажылдық коллекцияны, мектеп оқушыларының шығармашылығы Сарайында тәрбиеленушілердің, Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжде «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша оқитын студенттердің және оқытушы – сәндік-қолданбалы өнер шебері Р.А. Бобровскаяның шығармашылық туындыларын назарға ұсынған.

Экспозицияға Жаңа жыл символы - әртүрлі ұрпақтар тұсында пайдаланылған Аяз Аталар, Қаршақыздар, өткен ғасыр ортасындағы және ХХІ ғасыр басындағы жаңажылдық шыршалар, шыршалық ойыншықтар мен Жаңа жыл тақырыбындағы түрлі керек-жарақтар енген.

Көрерменге жаңажылдық салтанатты безендірудің бірегей техникалық және шығармашылық шешімдерінің жолдарын көрсете отырып, оның тарихына біраз үңілту - көрменің  басты идеясы болып табылады. ХХ ғасыр ортасындағы ойыншықтар айтарлықтай нәзік те көрікті емес, сондықтан көзге қораштау көрінуі ықтимал. Картоннан, целлулоидтан, мақтадан, қағаздан және қалың шыныдан жасалған оларға алтын немесе күміс бояу жағылған. Ал, ХХ ғасыр соңындағы шыршалық ойыншықтар нәзіктігімен, әсемдігімен көзге түседі. Жаңажылдық заманауи керек-жарақтар қаншама жетілдіріле түскенімен, бұл мерекені сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарынсыз көзге елестету мүмкін емес. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар отбасылық салтанатқа жылу сыйлап, ерекше ертегілік ахуалға бөлейді. Ісмер Раиса Анатольевна Бобровскаяның туындылары өзінің орындалу техникасының санқырлылығымен, тіпті тапқырлығымен ерекшеленеді, мектеп оқушылары мен студенттердің бұйымдарында әдеттен тыс материалдар – маталар, өсімдіктердің тұқымдары, сабан пайдаланылған.

Жаңажылдық экспозицияның көрермендердің бойында шығармашылыққа деген қызығушылық, өздерінің жақындары мен таныстарына осындай нәрселер жасап беруге, сөйтіп жанындағыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға деген ұмтылыс туғызары сөзсіз.

Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …