Риддерқаласындағы Мәдениет сарайының көрме залында біздің мұражай-қорықтың қорынан ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» көрмесі ашылды.
Ол қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы мен ұлттық дәстүрлеріне, КСРО Суретшілер одағының мүшелері: суретші Анатолий Георгиевич Куклин мен мүсінші Валерий Соломонович Раппопорттың туындыларына арналған.
Көрмеде мұражай-қорық қорынан алынған киіз бұйымдар (сырмақтар) мен алашалар назарға ұсынылған.
А.Г. Куклиннің графикалық еңбектерінің тамаша коллекциясы қазақ халқының XIX ғасырдағы – XX ғасыр басындағы өмірі мен тұрмысына арналған. Бұларда автор сирек техника – граттографияға (суретті тырнау техникасы) жүгінген. Суретші еңбектерінде терең философиялық мән жатыр. Адам өмірінің табиғи циклы – дүниеге келу, үйлену тойы, дүниеден өту оның шығармашылығына негіз болған. Еңбектерінің бір бөлігі: «Шаңырақ», «Текемет», «Шым-ши», «Зергер», «Ұстахана» және басқалар қазақтардың ежелгі қолөнерлеріне арналған.
«Үш ұрпақ» пен «Қарт шопан» - бұл В.С.Раппопорттың, ағаш ою техникасында орындаған мүсіндері. Мүсінші туындыларынан бірден танылатын өзіне ғана тән суретшілік қолтаңба байқалады, ол композициялық шешімдерінің ерекшелігімен, әлем ақиқатын өзінше көре білуімен сипатталады . Олардан кейбір гиперболалықты, пропорцияларға еркін көзқарасты, көлемдік құрылымдарды өзінше жасаушылықты, кеңістіктік ракурстарға басқаша қырынан келушілікті көруге болады.
Көрме Риддерде 2014 жылғы 14 наурызға дейін жұмыс істейді.
< Prev | Next > |
---|