Женщина…Небесное создание.
Воплощенье сказочной мечты.
Облако несбыточных желаний,
Ветер из добра и красоты…
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен» атты көрме Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы (Семей қаласы) қорындағы ХХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан шеберлері мен ТМД елдерінің 53 графикалық жұмыстары мен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорық қорының антикварлық бұйымдар коллекциясын, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын назарға ұсынады.
Портреттерде әйелдер әлемі бейнеленген: бұл - жастық шақ қуанышы, жар болу және ана болу бақыты, табиғатқа деген құштарлық және оның нәзіктігі мен көркемдігін, оның ерекше кереметтігін көре білу қасиеті.
Әйел затының тылсым ерекшеліктерін сезіну және оны өзгелерге жеткізе білу мүмкіндігі тек қана суретшінің бойына дарыған. ХХ ғасырдың 50-70 жылдарындағы туындылар өзінің идеологиялық мәнін жоғалтып, басқа мәдени құндылыққа ие болды. Бізді кеңестік дәуір атмосферасына бойлата отырып, бұл жұмыстар таяуда өткенімізді, соның өзінде ұмыт бола бастаған уақыттың құндылықтары жүйесімен, оптимизмімен қатар, ертеңгі күнге деген сенімділікпен еске алғызады. Графикалық суретте бейнелеген қайталанбас пішін мен силуэт кезкелген суретші туындысының стилі мен өзіндік қолтаңбасын бірден аңғартады.
Арулар барлық замандарда суретшілер, композиторлар мен ақындар үшін шабыт көзі болып табылатын. Әйел әлемі – қолшеберлік, арман және шабыт әлемі. Кез-келген дәуірде өмір сүрген әйелмен бірге өз иесінің бір өзіне тән бейнесінен ақпар беретін сүйкімді ұсақ-түйектер ере жүреді – назды қалпақтар, қолғаптар, сәнді желпуіштер, түйреуіштер, шілтер жағалар және салфеткалар, иіссуға арналған құтылар және т.б. Көптеген бұйымдар күнделікті қолданыстан әлдеқашан шығып қалған, алайда дәл солар өткен дәуірдің лебізі мен оқиғаларын өзара байланыстыратын шағын көпір болып табылады.
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен» атты көрме 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналады
Фотосурет Алексей Мазницин
< Prev | Next > |
---|