2014 жылғы 26 қарашада мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы галереясында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған «Н.Ә. Назарбаев – ұлт тірегі» көрмесі ашылды.
Қазақстан 2014 жылғы 1 желтоқсанда мемлекеттік мереке - Тұнғыш Президент күнін атап өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы және дана саясаткер. Тұңғыш Президент күні Ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің Заңды нәтижесі болып табылады.
Қазіргі заманның ақиқатында мемлекеттің ерекше мәртебесі оның көшбасшысының жеке тұлғасымен айқындалып, ол бүкіл қалыптасу кезеңінде ел дамуының бағытын айқындайды. Мемлекетіміздің басшысы – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін, сөзсіз, осындай тұлға болып табылады. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы Тұңғыш Президент күнін елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2005-2013 жылдары Шығыс Қазақстанда болуының негізгі сәттерін бейнелейтін фотокөрмемен атап өтеді. Бұл көрме Президенттің Қазақстан үшін стратегиялық өнеркәсіптік маңызы зор нысандарда болуы туралы ғана емес, сондай-ақ оның ардагерлермен, студенттермен, кәсіпкерлермен және тағы басқалармен кездесуінен сыр шертеді. Әрбір уақыттың, заманның өзінің көрнекті тұлғалары болады, қазақстандықтар үшін ол – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан халқын біріктірген және ел ынтымақтастығын жарастырған тұлға.
Фотосурет Алексей Мазницин
< Prev | Next > |
---|