Мейірімді ертегілер шақырады
Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы мұражай-қорықтың ғимаратында «Мейірімді ертегілер» деп аталатын жаңажылдық мерекеге арналған дәстүрлі көрме ашылды.
Мейірімді ертегілер шақырады Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы мұражай-қорықтың ғимаратында «Мейірімді ертегілер» деп аталатын жаңажылдық мерекеге арналған дәстүрлі көрме ашылды. Экспозицияда өткенге шолу жасайтын Аяз аталар мен қаршақыздар коллекциясы, сондай-ақ, өткен жылдардың белгілерін сипаттайтын жаңажылдық шыршалардың ойыншық көшірмелері, қуыршақтар, шырша ойыншықтары ұсынылған.
Жаңа 2016 жылдың символы Мешін екенін де ұмытпайық. Бұған дейін қытай жұлдызнамасындағы тоғызыншы белгі біздің өмірімізде 2004 жылы, яғни, 12 жыл бұрын болған. Көрмеде қызықты мешінді бірнеше пішінде көруге болады.
Экспозицияның ең қызықты жері облыс орталығынан қолданбалы өнер шебері Лариса Мандычтың алғаш рет ұсынылған авторлық ойыншықтарының коллекциясы болды. Онда 100 ойыншық - нағыз керемет!. Ал егер шындығына келсек, олардың әрқайсысы қол жұмысының бірегей туындылары болып табылады.
Жаңа жыл – ең тамаша және ең сүйікті мерекелердің бірі. Таңғажайып және армандар орындалатын уақыт, ең таза үміттер мен жарқын армандар уақыты. Бұл көңіл көтеру, отбасылық үйлесімділік пен сыйлықтар мерекесі. Біздің көрмеміз де жақындап қалған керемет қысқы мерекеге арналған сыйлық – деді ұйымдастырушылар.
Қош келдіңіздер!
Мұражай-қорықтың баспасөз қызметі
Фото Алексея Мазницина
< Prev | Next > |
---|