• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер қордан Жеңімпаздардың даңқты ісі жадымызда. 2017

Жеңімпаздардың даңқты ісі жадымызда. 2017

«Олар Отан үшін шайқасты». Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ашылған көрме осылый аталады.

Экспозицияда соғысқа қатысушылардың марапаттары, құжаттары мен жеке заттары қойылған. 1945 жылы фашистерді жер жастандырған соғыс –  тарих бетінде терең із қалдырған, сөйте тұра қазіргідей әлемнің  дамуын айқындаған ХХ ғасырдың басты оқиғасы,

Көрме экспонаттары – әрқайсысының артында жеке-жеке тарих пен адам тағдыры тұрған соғыс сұрапылының  жәдігерлері. Оларды солдаттардың оқ астында отырып жазған хаттары, Р.Ахметовтың әскери билеті, С.Қазбаевтың қызыл әскер кітапшасы, Д.Доценконың грамотасы растай түскендей. Сондай-ақ, экспозицияларда ыдыс-аяқ, майшам, фотоаппарат және солдаттың күнделікті тірлігіне қажетті басқа да заттар бар. Оларды соғыс кезіндегі фотосуреттер мен кітаптар толықтыра түседі.

Жылдар жылжып, ондаған жылдар тізбегі артта қалса да Отан үшін от кешкен батырлар ерлігін жырлап біту мүмкін емес. Жеңіс мейрамы – өткенді жаңғырту ғана емес, ол келешек иелері – балалар мен немерелерге ұмытылмас сабақ болар тәлім. Ең бастысы, мұндай экспозициялар жеңіс күнін жақындатқандардың ерлікке толы іс-қимылын ұмытпай, мәңгі есте сақтауға жетелейді.

«Олар Отан үшін шайқасты» атты көрмені музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында орналасқан ғимаратынан тамашалай аласыздар.

 Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 Суретті түсірген Алексей Мазницин.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …