• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер қордан Ежелгі де көне ертегі. 2017

Ежелгі де көне ертегі. 2017

«Ежелгі де көне ертегі» көрмесі Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы қорындағы жаңажылдық коллекцияны, сондай-ақ музей-қорық қызметкерлерінің туындыларын назарға ұсынған.

Экспозициядан әртүрлі ұрпақтар тұсындағы Аяз Аталар мен Қаршақыздарды, шыршалық ойыншықтарды, жаңажылдық шыршаларды, «шатыр қуыршақтары» деп аталатындар мен келесі жылдың белгілерін көруге болады. Шығыс күнтізбесі бойынша 2018  жыл – Ит жылы саналады. Көрменің басты идеясы – көрерменге жаңажылдық салтанатты безендіруде шығармашылық танытудың, әрі оның бірегей техникалық жолдарын көрсету болып табылады.ХХ ғасыр ортасындағы ойыншықтар нәзіктігімен және әсемдігімен көзге түспейді. Олар негізінен картоннан, целлулоидтан, мақтадан, қағаз бен шыныдан жасалған. 

Ал ХХ ғасыр соңындағы ойыншықтар нәзік те көрікті болып келген. Заманауи жаңажылдық атрибутика жетілдірілгенмен де мерекені сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарынсыз көзге елестету мүмкін емес. Өйткені олар отбасылық салтанатқа шеберлер қолының жылуын сыйлап, оны ерекше ертегілік ахуалға бөлейді.

Жаңа жыл – ең тамаша да сүйікті мерекелердің бірі болып табылады. Бұл -сиқырларға толы әрі тілектер орындалатын кез, ең мөлдір үміттер мен жарқын армандар уақыты. Және көңіл көтеретін мейрам, отбасылық береке әрі сыйлықтар мерекесі. Біздің де көрмеміз осы бір тамаша қысқы мерекеге орай баршаға жасалған сыйлық.

«Ежелгі де көне ертегі». Көрме-экспозициялық бөлімнің ұйымдастыруымен өткен көрме осылай деп аталады.

Көрме музей-қорық қорындағы жаңажылдық коллекциялар мен музей-қорық қызметкерлерінің шығармашылық жұмыстарынан тұрады.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …