• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер қордан Солжағалық кешендегі «Абай әлемі» көрмесі

Солжағалық кешендегі «Абай әлемі» көрмесі

Солжағалық кешеннің Кіші павильонында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты көрме ашылады. Көрме ақын, ойшыл һәм сазгердің өмір жолы мен шығармашылығы, аудармашылық қызметі жайлы және қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрлерін жалғастырушы  мұрагерлер туралы әңгімелейді.

Көрмеде Абайдың суреті бейнеленген кітаптар, суреттер және кәдесыйлық өнімдер қойылады. Девятовтың «Абай» картинасы, сондай-ақ, шығысқазақстандық суретші Болат Исиннің музей-қорықтың тапсырысымен  Абай шығармалары желісінде салған живописьтік жұмыстары орын алмақ.  

Абай еңбектері арасында XX ғасырдың бірінші жартысы мен ХХІ ғасырдың бас кезінде латын қарпінде жазылған өте сирек кездесетін және  аса бағалы кітабы «Таңдамалы туындылары» (1936 ж.),   сонымен қатар ұлы ойшылдың философиялық   даналыққа толы, әлемге әйгілі «Қарасөздері» бар.

Осы жерде орын тепкен құран мен діни құралдар Абайдың исламға көзқарасы жайлы баяндайды. Ал ақынның аудармашылық қызметі орыс және шетел классиктерінің шығармалар жинақтарын аударуы арқылы ашыла түсіп, ол  тәржімалаған дүниелер қазақ халқының мол игілігіне жарады.

Көрмеде Абайдың шәкірттері Шәкәрім Құдайбердіұлының, Әсет  Найманбаевтың, Төлеу Көбдіковтың, сондай-ақ, абайтанудың негізін салушылар Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың шығармаларына да кеңінен орын берілген.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі


               

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …