2001 жылғы 1 ақпаннан 30 сәуірге дейін мұражайдың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында «Белорустар мен украиндардың материалдық және рухани мәдениеті» көрмесі ұйымдастырылды, ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған болатын. Көрермендер назарына ұсынылғандар:
- ХХ ғасырдағы белорус және украин үйі интерьерлерінің фрагменттері;
- манекендерде: украин және белорус әйелдері мен ерлерінің киімдері;
- үш көрнекте белорустар мен украиндардың рухани мәдениеттерінің материалдары (украиндардың икондары, кітаптары, пластинкалары, діни заттары).
< Prev | Next > |
---|