2003 жылғы 1 сәуір – тамыз аралығында мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында «Мы усе сябры» атты көрме жұмыс істеді, ол белорус халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған болатын. Көрмені облыстық этнографиялық мұражай мен «Мы усе сябры» белорус мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған еді.
1999 жылғы халық санағы бойынша Өскеменде 1397 белорус тұрады.
Көрмеге Н.Н.Прищепчиктің, Г.А.Борисовичтің, А.М.Щемердің, О.А.Перевязчикованың, Г.А.Николаеваның отбасыларында ескерткіш ретінде сақталған көне заттар қойылды. Мұражай мен орталықтың бірлескен іс-қимылдары белорустардың мәдениеті мен тұрмысын көрсететін жәдігерлер жинауға мүмкіндік берді.
Көрме келермендерді Беларусь Республикасының рәміздерімен, атрибутикасымен және ақша белгілерімен таныстырды.
Кітаптардың шағын коллекциясы – рухани мәдениет көрінісі: әліппе, белорус халық ертегілері, лирикалық өлеңдер мен белорус тіліндегі басқа да кітаптар қойылды.
Келермендерге әсер еткен жәдігерлер: ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдері, астық бастыруға арналған құрал, кір жуып, үтіктеуге арналған каталка мен рубель (качулі), кәдесыйлық қуыршақтар мен ұлттық киімдер, сондай-ақ «Пресвятое сердце Иисуса Христа» иконы, таспиық пен 1880 жылы шыққан діни әндер жинағы.
Әйелдердің дәстүрлі қолөнері көрмеде кестелі рушниктер мен салфеткалар арқылы назарға ұсынылды.
< Prev | Next > |
---|