2006 жылдың қараша айында мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша орналасқан ғимаратында чешен халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған «Вайнах» атты көрме көрсетілді. Көрмені облыстық этнографиялық мұражай мен «Вайнах» чешен мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған болатын.
1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 31 799 чешен, солардың ішінде Шығыс Қазақстанда 1690, Өскеменде 408 чешен тұрады.
Көрмеге 40 бұйым қойылды. Бұлар – отбасылық альбомдардан ұсынылған көне фотосуреттер, араб тіліндегі Құран кітаптар мен құлшылық заттары, ерлер мен әйелдердің киімдері, чешен мәдени орталығының жетістіктері туралы сыр шертетін фотосуреттер мен грамоталар. «Вайнах» чешен мәдени орталығы 1992 жылы Өскемен қаласындағы Достық үйінің жанында құрылған. Орталықтың негізгі қызметі чешен халқының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін түлетіп, сақтауға бағытталған. Оның тұңғыш президенті Алхазур Дурсиев болды, қазіргі кезде «Вайнах» орталығының төрағасы міндетін Татьяна Абдулловна Кагерманова атқаруда.
Б.М.Құмарова.
< Prev | Next > |
---|