«Туған жерге тағзым» көрмесінің салтанатты тұсаукесері 2011 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Президенттік мәдениет орталығында өтті. Көрме Астанадағы Шығыс Қазақстан күндері аясында әзірленіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Облыстың таңдаулы мұражайлары келермендерге көне заманнан қазіргі уақытқа дейінгі ұлттық тарихтың, этнографияның, өнердің кең панорамасын айқара ашты.
Ең мол коллекцияны мұражай-қорық ұсынды. Экспозицияға ХІХ ғасырдағы – ХХ ғасыр басындағы көшпенді тұрмыс бұйымдарын көрсететін бірегей жәдігерлер, көркемдігі жа5ынан қайталанбас ұлттық зергерлік әшекейлер, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, араб графикасындағы басылымдар, Қазақстан халықтары ұлттық киімдерінің коллекциялары, ШҚО шеберлерінің заманауи бұйымдары, сондай-ақ бірегей тақырыптық жоба – «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы мемориалдық сәулетшілігі» фотокөрмесі енді.
Барлығы 562 жәдігер, соның ішінде күміс бұйымдардан – 81 зат назарға ұсынылды.
< Prev | Next > |
---|