• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер республикалық Түркістан – Қазақ хандығының астанасы. 2015

Түркістан – Қазақ хандығының астанасы. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

ӨСКЕМЕНДЕ АЛҒАШҚЫ РЕТ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МҰРАЖАЙЫНАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КӨРМЕ!

2015 жылғы 1 қазан күні сағат 15.00-де Өскемен қаласының Максим Горький көшесі, 59 мекенжайында «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы қорынан ұйымдастырылған «Түркістан – Қазақ хандығының астанасы» атты көрменің тұсаукесері болды.

ШҚО мәдени тұрмысында елеулі оқиға болып табылатын көрмеде шамамен 200-ге жуық жәдігерлер назарға ұсынылады, олардың құрамында – нағыз көне артефактілер де бар. Көрме келешек ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын ұлттық тарихи кезең – Қазақ  хандығының 550 жылдығына арналған.

Түркістан қаласы қазақ тарихында және Қазақ хандығының тарихында ерекше орынға ие болған. Бұл – түркі әлемінің ең көне астаналарының бірі, Кангюй мемлекеттік бірлестігінің рухани және саяси орталығы, онда хан ордаларының ежелгі орындары сақталып қалған. Көрмеде назарға ұсынылған жәдігерлер келушілерді қаланың құрылу және даму тарихымен, сол уақыттағы мәдени дәстүрлерімен таныстырады, сондай-ақ Қазақ хандығының құрылуында айтарлықтай рөл атқарған билеушілер мен қайраткерлер туралы сыр шертеді.  

Көрме үш залға орналастырылған. Біріншісінде хан ордасына жасалған қазбалардың археологиялық материалдары қойылған, олардың арасында қылыштар, қанжарлар, ыдыс-аяқ: вазалар, құмандар мен табақтар бар. Нағыз артефакт – 17 ғасырмен мерзімделетін, Сауран тасатқышының оғы. Екіншісінде Есімнен бастап Абылайға дейінгі қазақ хандары туралы әңгімелейтін материалдармен танысуға болады. Көрмеге келушілердің көпшілігі Абылай ханның өмірде қандай болғанын алғашқы рет көре алады. Көрмеде назарға ұсынылған кеуіт қазақ ханы басының гипстен жасалған көшірмесі болып табылады, оны ресей халымдары ханның бассүйегінен реконструкциялаған. Келушілер 18 ғасырдың басында сәнқой қазақ қыздары таққан әшекейлері мен қазақ жігіттерінің белдіктерін тамашалай алады. Сондай-ақ мөр-жүзіктер де көрмеге қойылған. Сондай жүзіктердің бірі белгілі Үсен бидікі болып табылады.  

Үшінші залда Шығыстың көрнекті діни қайраткері, дарынды ақыны әрі пәлсапашы Ахмет Иасауидың өмірімен және қызметімен таныстыратын материалдар орын алған. Мұндағы жәдігерлердің арасында – 1865 жылы шыққан «Хикмет» өлеңдер қолжазба-жинағы, ХІХ ғасырмен мерзімделген тағы да бір қолжазба, ол Иасауидың ілімі жайлы әңгімелейді.     

– «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік қорық-мұражайынан ұйымдастырылған көрме біздің қаламызда алғашқы рет ұйымдастырылуда, ол өңіраралық мәдени алмасу аясында өткізіліп, айтулы дата – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр.  

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі

Алексей Мазницинның фотосуреті

 

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …