• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер республикалық «Соғыс жаңғырығы» атты фотокөрме. 2017

«Соғыс жаңғырығы» атты фотокөрме. 2017

Фото Сергея СуроваФото Сергея Сурова

6 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Алтай» галереясында Ұлы Отан соғысының басталған кезін еске алу мен аза тұтуға арналған «Соғыс жаңғырығы» атты фотокөрме ашылды.

Бұл көрме көп нәрсені білуге құштарлық пен 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғысты бастан кешкен аталарымыздың ерлігін жадыдан шығармауға ұмтылыс нәтижесінде дүниеге келген. Ондағы фотосуреттердің авторы – павлодарлық Никита Пархоменко. Ол ес білген кезден-ақ Ұлы Отан соғысы жайлы дүниелерге ден қойып өсті: соғыс туралы бірде-бір фильмді бос жіберген жоқ және сол бір кезеңнің карулары – пистолеттер мен автоматтар,  гаубицалар мен ұшақтар, танкілер жайлы көп оқыды.

Фото Сергея СуроваФото Сергея Сурова– «Соғыс жаңғырығы» дегеніміз – ескерткіштер мен музейлік экспонаттар, – дейді жобаның кураторы, фотограф Александр Пархоменко.  – Күн өткен сайын соғыс ардагерлерінің қатары сиреп барады. Соны ойластырған біздер балалармен ақылдаса келіп, бірқатар фотосуреттер жасауды ұйғардық. Әуелде дайындық жұмыстары жүргізілді, сосын қаладағы музейлердің экспонаттары мен ескерткіштерді суретке түсірдік. Балалар наурыз айында сондай бір ескерткішті суретке түсіріп алыпты. Күтімсіз қалғандықтан, ескерткіштің сылақтары түсіп қалған екен. Оны ақ-қара ғып шығарғанда ол оқ пен қирандының астында қалған Брест қамалын көз алдымызға әкелгендей болды. Содан біздегі ойдың шарықтау шегі Жеңіс күні болып шыққан-ды. Мен балаларды мәңгілік алау жанына алып барып, ол жердегі ардагерлердің толғанысты сәтін фотосурет арқылы «ұстап қалуды» өтіндім. Бұл жердегі басты мақсат жас ұрпақ сол бір сұрапыл жылдарды ұмытпай, Ұлы Жеңістің мәнін түсінуі керектігін жеткізу болды.

           Жұмыс барысында Никитаға оның сыныптасы Маргарити Архипова келіп қосылады. Рита мен Никита бірден соғыс тақырыбына кірісіп, бар-жоғы үш күннің ішінде түсірілім жасап шыққан. Ешкімге жалтақтамай, ешкімге ұқсауға тырыспай тың шаруаға кіріскен олар ардагерлердің уақыт бедері салған жүздерін, майдангерлердің марапаттары мен әскери парадты сурет арқылы «сөйлетіп» шықты. Куратордың пайымдауынша, көптеген дүниені есте сақтауға деген талпыныс толығымен орындалды. Ал оның жарқын нәтижесі осы бір көрме болып отыр.

            Музей-қорықтың басшылығы аталған жобаның авторлары мен осынау  көрменің салтанатты ашылуына жиналған өскемендіктерге ерекше ықыласты алғысын білдірді. «Никитаның жан-жүрегі өте сезімтал. Ұлы Отан соғысы жылдарын ерекше сезінетіні байқалып тұр. Оның болашағы үлкен  шығармашылыққа толы болатынына сенімдіміз, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы директорының орынбасары Тамара Николаевна Быкова.

           Көрмені ұйымдастырушылар өскемендіктер мен қала қонақтарын Горький көшесі, 59 мекенжайындағы көрмені тамашалауға шақырады.

           Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

           Суретті түсірген Сергей Суров.

Фото Сергея СуроваФото Сергея СуроваФото Сергея Сурова

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …