• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер республикалық Алтын адам. Зергерлік әшекейлер. 1997

Алтын адам. Зергерлік әшекейлер. 1997

«Алтын адам». Зергерлік әшекейлер. 1997 ж., мұражайдың Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимараты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі қорынан б. д. д. ҮІ –Ү ғасырлардағы скиф-сақ мәдениетінің ескерткіштері (Алматы).

Осыған дейін «Алтын адам» Қазақстаннан тыс жерлерде көрсетілсе де Қазақстанда Алматыдан басқа еш жерде қойылған жоқ. Көрме керемет табысқа ие болды. Келермендер саны барлық рекордтан асып түсті, бұған халықтың қызығушылығы  әсер етіп қана қойған жоқ, сонымен қатар мұражайдың барлық құрылымы атсалысқан табысты әрі барынша ойластырылған жарнамалық-баспалық жұмыс та ықпал етті. Бірінші эалға бейне және мультфильмдер көрсетуге арналған телевизорлар қойылды, осы жерде келушілер өз кезегін күтіп отырды.

Көрмені экскурсиялық қызметпен қамту ісі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Нағыз өнерді бағалаушылардың таңырқаған көзалдарында жалтылдаған алтын киімді сақ патшасы тұрды. Киімнің бөлшектері аң стилінде орындалған, олар тек сұлулығымен, айбындылығымен, мүлтіксіздігімен ғана емес, сонымен қатар көне заман зергерлерінің техникалық тәсілдерінің санқырлылығымен таң қалдырды. Сонымен бірге бұл бұйымдарға көне өркениеттердің әлем тануын ашатын зор мән-мағына жүктелген.

Көрмеге сонымен қатар қазақтардың ұлттық қос және дара білезіктері, жүзіктер, сырғалар, қапсырмалар, шолпылар, белбеулер, тұмарлар, өңірлір, тіс шұқығыштар, құлақ тазалағыштар қойылды. Қазақстан Республикасының Алтын музейінен барлығы 142 зергерлік бұйым болды.

Көрменің өткізілу мерзімдері – 2.121997 – 21.01.1998 ж.ж. Келермендер саны – 35 000 адам, 875 экскурсия өткізілді. Келермендердің негізгі тобы – оқушылар. Көрмеге келгендер: қаладағы 40 мектеп, КТУоқушылары, 3 ЖОО, техникумдар, колледждер студенттері.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …