Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінің қорынан. Астана. 2005 жыл, 5 қазан – 6 желтоқсан (Горький көшесі, 59).
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі Елбасының Жарлығына сәйкес құрылып, Астана қаласындағы оның бұрынғы резиденциясында орналасқан. Музейде егеменді Қазақстанның тарихына қатысты және еліміздің Тұңғыш Президенті өмірінің, мемлекеттік және қоғамдық қызметінің барлық кезеңдерін толық әрі саналуан қырынан ашып көрсететін мұрағаттық құжаттар, ғылыми еңбектер, кітаптар, сыйлықтар коллекциялары мен наградалар және басқа да материалдар қойылған. Бүгінде Музей коллекцияларында 40 мыңнан астам сақталу даралығы бар. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің наградалары музей коллекциясының мақтанышы болып табылады. Бұл теңдесі жоқ жиналым, онда КСРО мен тәуелсіз Қазақстанның, көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың наградалары назарға ұсынылған. Мемлекет басшысына сыйға тартылған кітаптар ерекше қызықтырады. Олардың көпшілігі некенсаяқ кездесетін дүние, өйткені оларда заманымыздың аса көрнекті тұлғалары М.Тэтчердің, С.Демирелдің, Г.Киссинджердің және басқалардың қолтаңбалары бар.
„Ел және әлем” көрмесіне әлемнің 30 елінің материалдық және көркемөнер мәдениетінің 148 ғажайып шығармалары (картиналар, мүсіндер, кәдесыйлар, сәндік-қолданбалы өнер шығармалары) ұсынылды. Олар:
ТМД елдері – Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина
Европа елдерінен – Болгария, Германия, Грекия, Мталия, Польша, Словения, Франция
Таяу Шығыс елдерінен – Израиль, Иран, Катар, БАӘ, Оман, Түркия
Азия елдерінен – Вьетнам, Үндістан, КХР, Корея, Пәкістан, Сингапур, Жапония
Америкадан – АҚШ.
Бұл сыйлықтарды Қазақстан Президентіне шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, халықаралық ұйымдар мен қорлары, әлемнің жетекші компаниялары, республикамыздың азаматтары тарту еткен. Бұл жәдігерлер қайталанбас құнды мұра ретінде де, өнердің тамаша шығармалары ретінде де қызығушылық туғызғаны сөзсіз.
Пікірлер кітабынан:
„ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің № 5518 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жеке құрамы Сіздерге бай экспозиция үшін алғыс білдіреді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың сыйлықтары бүкіл еліміздің игілігі болып табылатыны үшін қуаныштымыз. Бұл бізді шабыттандырады және біз Президентімізді мақтан тұтамыз” (ІІМ ішкі әскерлерінің Шығыс Қазақстан құрамасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сапега, лейтенант Р.Н.Сұлтанбеков).
„Бүгін, 2005 жылғы 4 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні қазіргі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдаған мен үшін көрмені көру өте ұнамды болды. Президентімізге Отанымыздың гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін рахмет” (Талғат Уәлихан).
„Бізге көрме өте ұнады және біз осы бір сұлулықты көруге мүмкіндік алғанымыз үшін қуаныштымыз. Біз өзіміздің қаламызды әрі біздің мұражай сияқты жерлердің болғанын мақтан тұтамыз. Сіздерге рахмет! Өркендей беріңіздер!” (ШМИ студенттері).
Көрмеге 8 251 адам кеді, олардың 2 422 адамы ересектер, 452 – студенттер, 5377 – оқушылар; 358 экскурсия өткізілді.
< Prev | Next > |
---|