• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер республикалық Ұлы даланың асыл қазынасы. 2011

Ұлы даланың асыл қазынасы. 2011

2011 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу бағдарламасының аясында мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы ғимаратында «Ұлы даланың асыл қазынасы» атты көрме (Алматы қаласы) ашылды.

«Ұлы даланың асыл қазынасы» көрмесі қазақстандық әйгілі эергер шебер Сержан Мұратұлы Бәшіровтың коллекциясындағы ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы қазақтардың зергерлік әшекейлері, өзінің авторлық жұмыстары – инсталляциялары мен өзіндік әшекейлері көрмеге қойылды.

Көрмеде, сонымен қатар Зейнелхан Мұхамеджанның көркем кестесі назарға ұсынылған. Ол өзінің дүниеге деген көзқарасын тамбурлық кестенің сирек техникасы – бізкесте арқылы білдіреді, ал бұл кестенің белгілі болғанына археологтардың пікірі бойынша 2000 жыл.

Әйгілі қазақстандық зергер Сержан Мұратұлы Бәшіровтің туындылары біздің елімізден тыс жерлерде де кеңінен танымал. Оның шығармалары қайталанбайды, өйткені шебердің айрықша қолтаңбасымен ерекшеленген.

С.М.Бәшіров 1964 жылы 29 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген. 1984 жылы ол Алматының Гоголь атындағы Мемлекеттік көркесуретр училищесін, ал 1991 жылы Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институтын тәмамдаған. 1991 жылдан бастап Республикалық көркесурет колледжінің оқытушысы болып табылады. Бәшіров 1998 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Сержан Бәшіров – қазіргі заманғы қазақстандық зергерлер арасындағы өзгеге ұқсамайтын тұлға. Оның туындылары әлемнің көптеген елдерінде өткен көрмелеріне келушілердің жүрек түкпірінен өшпес орын алған еді. 2005 жылы ол ЮНЕСКО-ның «Сапа белгісі» сертификатына ие болды.

С.Бәшіровтің еңбектері Алтын және бағалы металдар мұражайында (Астана қаласы), Шығыс халықтарының мұражайында (Мәскеу қаласы), Азия және Тынық мұхит мұражайында (Варшава қаласы) сақталуда.

Сержан Бәшіров көптеген фестивальдер мен көрмелерге қатысқан жан. Бірнеше көрмелерде жоғары наградаларға ие болды. 1998 жылы Алматы қаласында өткен жастардың «Жігер» атты көрмесінде «Көрменің таңдаулы жұмысы» Дипломымен марапатталды. 1999 жылы шеберлердің Алматы қаласында ұйымдатырылған «Зергер-99» конкурсында Бас жүлде – «Асыл жамбыны» иеленді.

Сержан Бәшіров шетелдердегі бірқатар көрмелерге қатысты. 2000 жылы ол Қырғызстандағы «Бейбітшілік үшін» атты халықаралық фестивальге қатысса, 2000-2001 жылдары Ресейдің Мәскеу қаласындағы Орталық Суретшілер Үйінде Қзақстан атынан өкілдік етті. 2001 жылы Германияның Магдебург қаласында өткен «Гала-арт» фестиваліне қатысты. 2004 жылы Бәшіров АҚШ-тың Аризона штатындағы Туссон қаласында өз өнерін көрсетті. Шебер Венгрияда екі мәрте болып қайтты. 2003 жылы Кечкеметтегі қолданбашы-суретшілердің фестиваліне, ал екінші рет 2010 жылдың тамыз айында Қазақстанның 64 адамнан тұратын делегациясының құрамында «Туран-2010» атты Үлкен Құрылтайға қатысты, ол Бугац деген жерде өткен болатын. Франция астанасы Парижде 2007 жылы өткен Жоғары сән аптасында оралдық дизайнер Ақкенже Девятко өз коллекциясын назарға ұсынған болатын. Ал оның үлгілеріне Сержан Бәшіровтің зергерлік бұйымдары сән берген-ді.

Сержан Бәшіров шығармашылығының өзіндік қолтаңбасы бар. Зергер ұлттық символикаға толы, әрі авангардтық дизайн үлгілеріне сай келетін әдеттен тыс бұйым үлгілерін жасайды Өзіне ғана тән ерекше талғамға ие Бәшіров – халық игілігін айрықша бағалай біледі, ішкі танымы бойынша этнограф ол қазақтардың көне әшекейлерін, кілемдерін және басқа да тұрмыстық заттарын жинап жүрген коллекционер.

Зейнелхан Мұхамеджан – көркем кесте шебері, Қазақстан және Монғолия Суретшілер одақтарының мүшесі, 1959 жылы Монғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. 1978 жылы Улан-Батордағы Көркемөнер училищесін қолданбашы-суретші мамандығы бойынша тәмамдаған. Бірде ол әйелінің кесте тігіп отырғанына қарап, қызығады, сөйтіп «бізге қалай ілініп» қалғанын сезбей қалады! Бізбен кестелеуге тәнті болғаны соншалықты, осы істе ол зайыбынан асып түсті. 1992 жылы атамекеніне қоныс аударған еді. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражайда (Алматы қаласы) ұйымдастырылған «Арт-Евразия-96» жастар көрмесінде ол алғаш рет өз еңбектерін көпшілік назарына ұсынды. Кестеге көз салған кезде осы күнге дейін жеткен сюжеттік және өңжақтық тігіс шығармаларын еріксіз еске аласың, өйткені олар тарихи көне замандардың өзінде-ақ әлемнің көптеген халықтарына белгілі болған әрі көркемдік стильдердегі өзгерістерді бейнелейді. Зейнелхан өзінің дүниетанымын тамбурлық кесте техникасының сирек түрі – бізкесте арқылы білдіреді, археологтардың пікірі бойынша оған 2000 жыл болған. Осы техника арқылы туындылардың айналасына шашылған сәуле құйқылжып, олардың өзіңмен сөйлесіп тұрғанындай әсерде қаласың.

Көркемдік шешімді таңдауға суретшінің этникалық мәдениеттің өткеніне деген құштарлығы себепші болды. Оның еңбектерінің тақырыптары – көне тарих, дәстүрлер, аңыздар, дала пәлсапасы. Зейнелхан Мұхамеджан сияқты шеберлер елде саусақпен санарлық. Ұлттық бізкестенің қайта жаңғыруы оның есімімен тығыз байланысты. Ол «Қазақ кестесі» кітабының авторы. Мұхамеджан туындыларынан ұйымдастырылған көрмелер Алматыда, Мәскеуде, Парижде өтті. Халықаралық «Шеберлік дәрісі-2000» фестиваліндегі (Алматы қаласы) «Жаңа есімдер» аталымының лауреаты, ЮНЕСКО-ның «Сапа белгісі» сертификатының иегері (2007 ж.). Бүгінде ол облыстық этнографиялық мұражайда өзінің еңбектерін екінші мәрте көрмеге қойып отыр, алғашқысы 2001 жылы өткен болатын. 2009 жылы оның туындылары британдық «Сотбис» аукционына жіберілді, ал 2008 жылы «Кристисте» қазақ шеберінің еңбектері қолға жылдам тарап кеткен еді.

Бүгінде З.Мұхамеджан О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде сабақ береді, шәкірттерінің арасында бозбалалар да бар... Шебердің зайыбы Гүлжай Хұсман да тамаша кестелейді, сондай-ақ олар қызы Ботагөзге үміт артуда. Елдер өздеріне ұнаған кестелі картиналардың авторы ер адам екенін білгенде керемет таң қалады. Зейнелхан «әйел атқаратын іспен шұғылданып жүр» деген сөздерді талай естіп, бойы үйреніп кеткен, тіпті шебер оған ренжімейді де. «Өнер ерлердікі немесе әйелдердікі болып бөлінбейді. Гобеленді ер адамдар жасаған ғой. Мен 20 жылдан астам уақыт бойы кестемен шұғылданып келемін. Менің шыдамым жетеді, өйткені бұл жұмысты ұнатамын және одан керемет ләззат аламын», - дейді суретші жымиып.

 


«Ұлы даланың асыл қазынасы» көрмесінің ашылу сәті. 14.04.2011 ж.


Мұражай-қорық директоры Н.А.Зайцев сөз сөйлеп тұр Зейнелхан Мұхамеджанның сөз сөйлеген сәті
Сержан Бәшіровтің сөз сөйлеген сәті Халық биі «Қара жорға»
Халық биі «Қара жорға» Халық биі «Қара жорға»
Солдан оңға қарай: Зейнелхан Мұхамеджан, Айгүл Кенжина – мұражай-қорық қызметкері, Монғолиядан келген оралман Халел Нұркеұлы – тарихшы және этнограф, Болат Елікпай – қазақ этнографиясы бөлімінің меңгерушісі «Ұлы даланың асыл қазынасы» көрмесінің ашылу сәті. 14.04.2011 ж.
Сержан Бәшіров мұражай-қорық қызметкерлерінің арасында



Зейнелхан Мұхамеджанның көркем кестесі


Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Күнге жақын» Бізкесте, мата, жібек жіп 2011 жыл Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Сарбаз» Бізкесте, мата, жібек жіп 2011 жыл
Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Күнді айналу» Бізкесте, мата, жібек жіп 2009 жыл Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Салт атты» Бізкесте, мата, жібек жіп 2011 жыл
Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Дала аруы» Бізкесте, мата, жібек жіп 2000 жыл Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Ту ұстаушы» Бізкесте, мата, жібек жіп 2010 жыл
Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Күлтеғін» Бізкесте, мата, жібек жіп 2006 жыл Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Аңыз Алтай» Бізкесте, мата, жібек жіп 2011 жыл
Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Әуен» Бізкесте, мата, жібек жіп 2008 жыл Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Миф-2» Бізкесте, мата, жібек жіп 2011 жыл
Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Серуен» Бізкесте, мата, жібек жіп 2008 жыл Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Атамекен» Бізкесте, мата, жібек жіп 2011 жыл
Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Қобыздың дүниеге келуі» Бізкесте, мата, жібек жіп 2008 жыл Зейнелхан Мұхамеджан Гүлжай Хұсман «Скрипкашы қыз» Бізкесте, мата, жібек жіп 2011 жыл



Әйгілі қазақстандық зергер Сержан Мұратұлы Бәшіровтің авторлық жұмыстары мен оның коллекциясындағы зергерлік әшекейлер


«Ұлы даланың асыл қазынасы» көрмесінен көрініс. 14.04.2011 ж. «Ұлы даланың асыл қазынасы» көрмесінен көрініс. 14.04.2011 ж.
«Шағын үлгілер» сериясы. 2011 ж. «Алтай» инсталляциясы. Ағаш, металл, тері. 2006 ж.
«Керулен» инсталляциясы. Ағаш, металл, тері. 2005 ж. «Пайцза» сериясы. Күміс, латунь, ақық, фируза, сүйек. 2007 ж.
«Күн белгілері» сериясы. Күміс, латунь, ақық, фируза. 2007 ж.
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …