Біздің көрмеге облысымыздың және Өскемен қаласының мектептерінде еңбек сабағынан беретін оқытушы-мұғалімдердің қолдарынан шыққан тамаша заттар ұсынылып отыр.
Оқушылардың рухани дамуында, оларды эстетикалық еңбекке баулуда сәндік-қолданбалы өнердің атқаратын маңызы зор. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы кезінде көркем-шығармашылық қызметтің сан-алуан үлгілері: сурет салу, жапсыру, қию, ою, кілейлеу және т.б. үлкен әсер етеді. Балалардың бойында шығармашылыққа деген қызығушылық туғызу педагог-тәлімгердің негізгі міндеттерінің бірі. Оқушылардың шығармашылық қызметі кәсіби педагогтың тәлімін қажет етеді. Әрбір оқушының бойында шығармашылық қабілетті дамыту үшін педагог көркем шығармашылықтың алуан түрін меңгеруі керек. Біздің мұғалімдер оқушының бойында эстетикалық сезімін қалыптастырып, бейнелі ойлауын дамытып, олардың әртүрлі тәсілмен өз ойларын, қиялын білдіруге үйретеді.
Экспозицияда: кестелеу, құрақпен тігу, тігіншілік, киіз илеу, ағаштан ою, кәдесыйлар және т.б. техникалар бойынша педагогтардың қолынан шыққан алуан түрлі жұмыстар қойылған. Ұсынылған жұмыстар материалдың, жанрдың және орындау техникасының алуан-түрлілігімен таң қалдырады.
Біздің мұражай-қорықпен міне, бірнеше жылдар бойында Өскемен қаласы оқу орындарының технология пәні оқытушылары: Н.Ф. Трусова, О.В. Кулагина, Е.С. Бабенко, Л.П. Рудакова, Г.Н. Парфенова және т.б. табысты бірлесе жұмыс істеуде. Олардың жұмыстарын жыл сайын көктемгі көрмелерден көре аламыз. Қазақтың дәстүрлі қолданбалы өнері үлгісінде Нұрмұханбетжанова Г.Н., Балғазина Л., Қисанбина Майкамал сияқты педагогтар табысты еңбек етуде, олардың бұйымдары көрмеде ұсынылған.
Біздің мұғалімдердің шығармашылығы нәзік үйлесімімен жанға жылу, бақыт ұялатады. Олардың шебер қолына бар дүние бағынатындай әсер береді.
Фото Мазницина А.А.
< Prev | Next > |
---|