• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size

«Ізгілік сәттерін ұстап қаламын...». 2013

фотограф Сергей Смирновв Большом павильоне Левобережного комплекса открылась персональная ретроспективная выставка устькаменогорского фотографа Сергея Смирнова2013 жылы 9 шілдеде Солжағалық кешеннің үлкен павильонында өскемендік фотограф Сергей Смирновтың жеке ретроспективтік фотосуреттері көрмесі ашылды.

Қазіргі заманғы фотосурет – өнердің толыққанда түрлерінің бірі. Ол өз заңдары бойынша өмір сүріп, дамуда, өзіне тән тұжырымдық және технологиялық ерекшеліктері бар. Алайда, аппаратура мен технология қаншалықты жетілдірілгенімен – бұл орайда адам: оның эстетикасы, стильді түсінуі, дүниетанымы ең басты роль атқарады.

Халықаралық, республикалық, облыстық көрмелерге қатысушы өскемендік фотосуретші Сергей Смирновтың ретроспективті дербес көрмесі оның шығармашылығының кең диапазонын: 80-ші жылдары түсірілген алғашқы ақ-қара фотосуреттерінен бастап, шебердің қолтаңбасы бірден байқалатын соңғыларына дейін назарға ұсынған.

Сергей Смирнов Тәжікстанда, әскери қызметкер отбасында дүниеге келген. 1966 жылдан бері Өскеменде тұрып, еңбек етуде. Бірнеше жыл облыстық телестудияда фотосуретші болып жұмыс істеген. Қазіргі кезде жарнамамен шұғылданып жүр және бос уақытын өзі үшін әуесқойлық қана емес, өмір салтына айналған фотосуретке жұмсайды.

«Ізгілік сәттерін  ұстап қаламын...» – оның көрмелік жаңа жобасы осылай деп аталады, ол ұсынылған туындыларының тақырыбын анық көрсете білген және олардың сипатын айқын берген. Фотосуретшінің көркемдік көзқарасының өнермен үйлескен шеберлігі оған өмірді санқилы жағынан көруге мүмкіндік береді. Өзінің шығармашылығымен ол қарапайым ақиқатты паш етеді.  Олардың мағынасы мынада, бақыт көптеген дүниелерден тұрады: жылы күн, мейірімді теңіз, гүлдегі шық, ормандар мен даланың көз тұндыратын көк майсасы, балалардың күлкісі, сүю және сүйікті болу бақыты,  өз жақындарың үшін  алаңсыздық және ертеңге деген сенімділік. Сонымен қоса, өзімізді қоршаған, ылғи да әділетті және ізгілікті бола бермейтін әлемнен жақсыны тани білу. С.Смирновтың шығармашылығы үшін  болмыстың эмоциялық ақиқаты, деректің айрықша дәлдігі, бейнелердің көркемділігі тән. Оның фотокамерасының объективі адам көзі ұстай алмайтын сәттерді қағып алады. Адам өмірі осындай  көптеген сәттерден – «өткен мен болашақ арасынан» тұратыны сөзсіз.

Фото Алексея Мазницина и Виктора Коржа

Фото Алексея Мазницина«Ловлю мгновения добра...»  - так называется его новый выставочный проект. Фотограф Сергей СмирновФото Виктора Коржа

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …