• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size

Жаңа жыл қарсаңындағы ғажайыптар. 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина2014 жылғы 10 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратында «Жаңа жыл қарсаңындағы ғажайыптар» көрмесі ашылды. Көрмеде мұражай-қорық қорындағы  жаңажылдық керек-жарақтар коллекциясы мен Оксана Сергеевна Колиниченко қуыршақтарының коллекциясы назарға ұсынылған.

Экспозицияда түрлі ұрпақтар пайдаланған Аяз Аталар мен Қаршақыздар бар, олардың кейбірі қағаздан, мақтадан, папье-машеден қолдан жасалған, енді біреулері пластмассадан жасалған; ХХ ғасыр ортасындағы белгілі фарфор  фабрикалар мен зауыттардан шыққан кәдесыйлық коллекциялар да осында. Сондай-ақ бір де бір жаңажылдық мереке онсыз өтпейтін: шыршалық ойыншықтар, жаңажылдық шыршалар мен келе жатқан жылдың символдары көрмеде тұр. Шығыс күнтізбесіне сәйкес 2015 жыл – Қой жылы болып табылады, оның символы көрмеде құрметті орынға қойылған.

Жаңажылдық көрмеге О.С.Колиниченконың қуыршақтар коллекциясы өзіндік бір көрік беріп тұрғандай. Оксана Сергеевна  көптеген жылдар бойы қуыршақтар жинаумен шұғылданып жүрген көрінеді. Оның коллекциясында 100-ден астам әдемі қуыршақтар бар, олар Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның он саусақтарынан өнер тамған шеберлерінің қолдарынан шыққан. Әр қуыршаққа өзіндік бір ерекшелік тән, әрқайсысы өзінше сүйкімді.  Мұның өзі оны жасаған адамның жан-дүниесінің жылуы қалғаннан болар.

Жаңа жыл – сүйікті де қызықты мерекелердің бірінен есептеледі. Сыйқырлық және тілектер орындалатын кез, ең мөлдір де жарқын армандар шағы. Бұл көңіл көтеретін, отбасылық жарасымдылық және өзара сыйлықтар алмасатын мереке. Ал біздің көрмеге келсек, бұл да тамаша қысқы мерекеге біздің жасаған сыйлығымыз.

Фотосурет Алексей Мазницин

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …