2015 жылғы 5 наурызда сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының көрме залында ШҚО сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жыл сайын өтетін дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі ашылады. «Көктемгі калейдоскоп» көрме-жәрмеңкесі халықаралық әйелдер күні - 8 наурызға және Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған.
Экспозицияда Өскемен, Семей қалаларының, Катонқарағай ауданының, Ново-Баженово селосының, Шульба кентінің шеберлері - 48 қолөнершінің 300-ден астам жәдігері назарға ұсынылды. Көрмеге қатысушылар – сантүрлі салада жұмыс істейтін және әртүрлі жастағы адамдар (шеберлердің ең үлкені – 91 жаста), дегенмен бұл адамдардың бәрін шығармашылық пен әдемілікке деген ынтығушылық біріктірген.
Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің, техникасы мен жанрының мол болуы көрмеге тән ерекшелік екенін атап өткен жөн.
Ағашты көркем өңдеу бөлімінде ою, айшықты сурет салу, күйдіру техникасында жасалған бұйымдар, сондай-ақ шпон және қайың қабығынан жасалған, қоға мен талдан тоқылған және т.б. заттар назарға ұсынылған. Н.К.Екимов ағаш ою техникасын жан-жақты игергендігін өз жұмыстарында көрсете білген. А.В.Овсянкиннің ағаш түбірінен жасаған мүсіндері қиялының ерекшелігімен, көркем бейнесімен және әсем үлгісімен көз жауын алады. Го Сун Чин Еленаның токарлық өңдеуден өткізген, айшықты суретті бұйымдары көрмеге сән беріп тұр.
Қызығушылықты оятатын, қазіргі таңда кең қолданысқа ие болған материалдардың бірі – киіз. Бұл қазақтың дәстүрлі киіз бұйымдары – текемет, сырмақ, бөстек, сонымен қатар сәндік паннолар, бас киімдер, әшекей бұйымдар, кәдесыйлар және ойыншықтар, осылардың бәрі заманауи үрдісте орындалған.
Назар аударарлық туындылардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: С.П.Шупляктың жиі кездесе бермейтін техникада (батик) орындаған сәндік паннолары, сондай-ақ О.Г.Сагачеваның жүгері сабанын қолданып, жасаған аппликациясы, Р.А.Тамбовцеваның – витражы.
Экспозицияның елеулі бөлігін әртүрлі жанрдағы паннолар алып тұр. Олар Украин мәдени орталығының Өскемен қаласындағы Достық үйі жанындағы «Чаровница» үйірмесі шеберлерінің кестелеу техникасында орындаған туындылары.
Бұған қоса әртүрлі интерьерлік қуыршақтар, жұмсақ ойыншықтар, әйелдердің әшекей бұйымдары және т.б. кәдесыйлар көрмеге қойылған. Осылардың бәрі өскемендіктер мен қала қонақтарының көктемгі мерекелік сыйлықтарына айналуы ғажап емес.
Фотографии Виктора Коржа
Көрменің мекенжайы: Қ. Қайсенов көшесі, 67.
Байланыс телефондары: 26-49-02, 26-71-48
< Prev | Next > |
---|