• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері Ағаш мүсіндер көрмесіндегі ғажайып сәттер. 2018

Ағаш мүсіндер көрмесіндегі ғажайып сәттер. 2018

Рухани жанғыру

1 қарашада «Алтай» көрме залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Юрий Костанянцтың музей-үйіндегі шеберлердің ағаштан ойып жасаған бұйымдарының «Ғажайып сәт» атты көрмесі ашылды. Оны ұйымдастырумен көрме-экспозициялық бөлім айналысты. 

Салтанаттың ашылу рәсімінде музей-қорық директоры Медет Нұрғалиев атап өткендей, бұл музей үшін жоспарланбаған іс-шара еді, оған себепші 12 қазан күні музей-үйде орын алған оқыс оқиға – өрттің шығуы болды. Өрт кезінде ондағы бірсыпыра ағаш мүсін жанып кетті, ал ғимараттың өзі болса күрделі қалпына келтіруді талап етеді. Дегенмен, музей-қорық ұжымы оған бейжайлылық танытқан жоқ, көрмеге келушілерден түскен қаржының бір бөлігі оны қалпына келтіруге жұмсалады.

 Көрмеге ағаштан, негізінен самырсыннан жасалған  60 мүсіндік жұмыс қойылды. Олар – Юрий Костанянцтың өзінің және музей-үй шеберлерінің шығармалары. Әсіресе, қазақ тарихына қатысты мүсіндер: «Қазақ жауынгері», «Абай», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыран аулау» және басқалар ерекше орын алады. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қару-жарақтар үлгілері тіптен бірегей.

«Мен осындай көрме ұйымдастырып бергені үшін музей-қорыққа бек ризамын» - деді Юрий Костанянц. Мамандығы бойынша ұшқыр және шынайы суретші-шебер ежелден келе жатқан арманы – өзінің музей-үйінде өнер театрын ашуды ешқашан ойынан шығарған емес. Ол театрдың басты қатысушылары жарық пен музыканың көмегімен жарқырай түсетін ағаш мүсіндер болуы тиіс. Юрий Костанянц пен оның көмекшілерінің алдағы уақытта қолға алатын шаруалары жетерлік. Олар – музей-үйді қалпына келтіріп, дүниеге жаңа мүсіндер әкелу.

«Ғажайып сәт» көрмесі музей-қорықта екі бойы жұмыс істемек.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсіргендер Алексей Мазницын мен Сергей Суров.

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …