• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size

Үміт көктемі. 2011

2011 жылғы 15 сәуірде мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратында «Үміт көктемі» атты көрме ашылды

«Үміт көктемі» көрмесі зағиптардың «Мейірімділік» қоры мүшелерінің туындыларын келушілердің назарына алғашқы рет ұсынуда. Экспозицияға 100 еңбек: картиналар, сәндік-қолданбалы өнер және басқалар кірді.

Зағиптардың «Мейірімділік» қоры 2009 жылғы 26 мамырда құрылған болатын. Қордың құрылтайшысы – Р.Ш.Баснукаев. Мүгедектерге қолдау көрсету және оларды қорғау, Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік еткен  экономикалық, саяси және басқа құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, мүгедектерді оңалту, қазіргі заманғы қоғамға интеграциялау, жұмыс орындарын құру оның басты міндеті болып табылады.

Жұмыс істей бастағаннан бері қор өзінің бірқатар жобаларын іске асырды. «БОНС» атты музыкалық тобы қалалық мәдениет басқармасында ресми түрде тіркелді, ол қаладағы және қала маңындағы мәдениет мекемелерінде бірнеше концерт қойды. Қордың көптеген мүшелері қалалық «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшелері болып табылады. Қор мүшелері жыл сайын өткізіліп тұратын Курдаков оқуларының 2010 жылғы Гран-приіне ие болды. Зағиптар, сонымен қатар, Талдықорған қаласында өткен параолимпиадалық ойындарға, 2011 жылы шахмат және дойбы бойынша өткен облыстық жарысқа қатысты, Щучинск қаласында өткен шаңғы жарысында жүлделі үшінші орынға көтерілді. «Мейірімділік» қорының жәрдемімен Еңбекпен қамту орталығы арқылы 10 мүгедек жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Қордың таяу арадағы жоспары – мүгедектер мен мүгедектік проблемалары бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу.

Мүгедектердің шығармашылық туындыларын назарға ұсынған «Үміт көктемі» көрмесі адам жанының тамашаға деген ұмтылысына ауыр сырқаттың бөгет бола алмайтындығына куә болып тұрғандай.

 

«Үміт көктемі» көрмесінің салтанатты ашылуы. Көрмеге қатысушы И.И.Рожкоға Алғыс хат тапсыру сәті «Үміт көктемі» көрмесінің салтанатты ашылуы. Көрмеге қатысушы А.А.Айтжановаға Алғыс хат тапсыру сәті
«Үміт көктемі» көрмесінің салтанатты ашылуы. Көрмеге қатысушы В.А.Краснослободцевке Алғыс хат тапсыру сәті «Үміт көктемі» көрмесінің салтанатты ашылуы. Зағиптардың «Мейірімділік» қорының құрылтайшысы Р.Ш.Баснукаевтың сөз сөйлеп тұрған сәті
«Үміт көктемі» көрмесіне қатысушылар Е.Смаилова. Ұлттық киімдердегі қуыршақтар коллекциясы, 2009 ж.
К.Н.Тютенькова. Дивандық жастықтар. Мата, тігін, кесте, 1984-2010 жж. А.А.Айтжанова. Диванға арналған жиынтық. Құрақ құрау, 2011 ж.
«Үміт көктемі» көрмесінен көрініс Көрмеден көрініс. Т.А.Городюк. Айқас кестемен кестелеу, 1972 ж.
Көрмеден көрініс. И.И.Рожко. Алқа. Табиғи тас, ұсақ моншақ. Көрмеден көрініс. И.И.Рожко. Алқа. Ұсақ моншақ
Көрмеден көрініс. И.И.Рожко. Қобдиша. Моншақтар Көрмеден көрініс. И.И.Рожко. Алқа. Ұсақ моншақ
Көрмеден көрініс. И.И.Рожко. Алқа. Табиғи тас, ұсақ моншақ Көрмеден көрініс. И.И.Рожко. Шамдал. Ұлутас, ұсақ моншақ
Көрмеден көрініс. И.И.Рожко. Алқа. Ұсақ моншақ, інжу «Үміт көктемі» көрмесінен көрініс
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …