«Интурист» ААҚ-пен бірлесіп ұйымдастырылған. Лоучки қаласындағы фарфор зауытының 553 бұйымы: шәйнектер мен дастархандық сервиздер, салат пен тортқа арналған ыдыс-аяқ жиынтықтары, сәндік табақшалар, вазалар, стол үстіне қоятын сағаттар, шәй ішуге арналған жұпыдыс пен кофелік сервиздер, кәселер, шамдалдар қойылды.
Зор талғаммен сәнделген жұқа фарфор бояуларының нәзік реңктерімен, жомарттықпен жалатылған алтынымен, көркемдік мәнерінің сантүрлілігімен және сыртқы пішіндерінің мінсіз үйлесімдігімен тәнті етеді.
Лоучкидегі (Чехия) фарфор зауытының негізін 1907 жылы Грынласстың тумасы Рудольф Кампф қалаған. Зауытта жұқа келген ақ сәндік және шаруашылық фарфор өндіріледі. Өндірістік бағдарламаға қызғылт фарфордың мол ассортименті енгізілген. Зауыт айшықты суретті қолдан салу дәстүрлерін қайта жаңғыртты. Зауыт фарфоры әлемнің көптеген елдеріне шығарылады.
Экспозицияны 563 адам көрді.
< Prev | Next > |
---|