2009 жылғы 5-6 наурызда мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимаратында «Иран – Шығыстың інжу-маржаны» көрмесі ашылды, оны мұражай-қорық пен Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі ұйымдастырған болатын. Көрмеде сәндік-қолданбалы өнердің бірегей үлгілері, шығармашылығы Ираннан тыс жерлерге кеңінен танымал, көптеген шетелдік көрмелерге қатысқан, қазіргі заманғы ирандық суретші қыздар Шахла Маджубидің, Насрин Макхбуди Ноубардың, Махви Сохейлидің картиналары, кітаптар назарға ұсынылды.
Оның салтанатты ашылуына Иран Ислам Республикасы елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Делавар Мухаммад Пур қатысты.
< Prev | Next > |
---|