• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
солжағалық кешен ботаникалық саябақ Авиациялық техника көрмесі

Авиациялық техника көрмесі

2011 жылғы 22 шілдеде мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне кеңестік көпмақсатты тікұшақ Ми-4 койылды, ол М.Л.Мильдің ОКБ-сында 1950-ші жылдардың басында әзірленген болатын.

2011 жылғы 26 тамызда ҚР Конституциясы күні мен Өскемен қаласының күніне орай авиациялық техника көрмесі ашылды. Кешеннің бас кіреберісі жанында Ан-2 және Як-40 ұшақтары қосымша қойылды.

АН-2 – елдегі жетуі қиын аудандарға, ауыл шаруашылығы мен әскери-көліктік авиацияға арналған, шағын алаңнан ұшып шыға алатын,  жүккөтергіштігі 1000-1500 кг, кеңестік көпмақсатты көліктік жеңіл ұшақ. 1947 жылғы 31 тамызда ұшақ алғаш рет көкке көтерілді.

Як-40 – жергілікті әуе жолдарына арналған әлемдегі тұңғыш реактивті жолаушылар ұшағы, КСРО-да 1964 жылы Яковлевтің ОКБ-сында әзірленген.

Осы жерде орнатылған баннерде бірінші қазақ ұшқышы, Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері, шығысқазақстандык ұшқыштар – Кеңес Одағының Батырлары туралы материалдар, олардың фотосуреттері, тұңғыш қазақ ұшқышы Ж.Малдыбаев туралы мұрағаттық дереккөздер мен туыстарының естеліктері негізінде материалдар жинап, жариялаған Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің Айтмұхамбет Қасымовтың фотосуреті орналастырылған.

Жақыпбек Малдыбаев (1907-1938) – тұңғыш қазақ ұшқышы, жауынгер-интернационалист, Испанияда соғысқан.

Ж.Малдыбаев Зайсан уезінің Шеңгелді ауылында дүниеге келген. Молдадан сауатын ашқан, Марқакөл ауданындағы алтын жуатын өндірмеде жұмыс істеген. 1928 жылы аудандық жалшылар комитетін басқарды.

1929 жылдың қараша айында Қызыл Армия қатарына алынып, Түркімен Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Мерв қаласындағы Түркістан ерекше кавалериялық бригадасының 82-полкында қызмет етті. Қарақұм мен Қызылқұмда басмашылар бандаларын жоюға қатысты.


1930 жылы полк мектебін бітіріп, бөлімше командирі болды, осы жылы ВКП (б) қатарына өтті.

1932 жылы кіші командир Ж.Малдыбаев Сталинабад қаласындағы Орта Азия кавалериялық әскери мектебінің үшінші курсына қабылданады. 1933 жылы әскери мектепті ойдағыдай аяқтап, взвод командирі болып тағайындалды.

1933 жылдың басында Харьков әскери ұшқыштар мектебінің тыңдаушысы атанып, бір мезгілде фотоқызмет бастықтарының курсында оқыды. Харьковтағы әскери ұшқыштар мектебін бітіргеннен кейін авиациялық отрядтың аға ұшқыш-бақылаушысы, содан кейін штаб бастығының көмекшісі болып тағайындалды.

Жақыпбек қызмет бабы бойынша жылдам көтерілді, бұл орайда оған тәртіптілігі, принципшілдігі, қызметтестеріне деген адамгершілік қарым-қатынасы қолдау болды. 1936 жылы 40-шы авиаотрядтың аға ұшқыш-бақылаушысы Ж.Малдыбаевқа лейтенант әскери атағы берілді. 1937 жылдың маусым айында звено флагштурманы болып тағайындалды, осы жылдың желтоқсанында Мәскеу қаласының Жуковский атындағы Әскери-әуе академиясының штурмандар факультетіне емтихан тапсырып, Академия тыңдаушысы болады.

1938 жылы Жақыпбек Малдыбаев Испанияда интернационалдық борышын атқарды. Испаниядан қайтып келе жатқанда Ж.Малдыбаевтың ұшағы Ташкент маңында апатқа ұшырайды. Жақыпбек қаза табады, ол 31 жаста еді.

Өскемен және Зайсан қалаларының көшелеріне Жақыпбек Малдыбаевтың есімі берілген.

1935 жылдың тамыз айында Өскеменде аэропорт ашылды, ал 1936 жылдың қаңтар айында Өскеменге алғашқы ұшақтар ұшып келді.

Солжағалық кешенге келушілер әуе көлігі дамуының қазіргі жағдайымен таныса алады.

Қазіргі кезде облыста «Халықаралық» мәртебесі бар екі аэропорт жұмыс істеп тұр. Бұлар Өскемен және Семей қалаларының аэропорттары, сондай-ақ төрт аэропорт – Зайсан қаласында, Катонқарағай, Үржар, Күршім ауылдарында бар.

Өскемен аэропортынан авиарейстер Астана, Алматы, Қарағанды – Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Баян-Өлгий (Монғолия), Үрімші (Қытай) қалаларына, Түркияға орындалуда.  Семей қаласының аэропортынан – Астана және Алматы қалаларына ұшады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясын іске асыру мақсатында, өңір халқын авиатасымалмен қамтамасыз ету үшін жергілікті әуе авиажолдары бойынша тұрақты авиарейстерді қайта жаңғырту жөнінде жұмыс жүргізілді. Ан-24 әуе кемелерімен «Өскемен – Зайсан – Өскемен» маршруты бойынша авиарейстер, «Өскемен – Күршім», «Өскемен – Семей – Үржар» маршруттары бойынша маусымдық авиарейстер қайта жаңғыртылды.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …