Кірпі тұқымдастар
Кәдімгі кірпі – Обыкновенный еж – Еrinaceus europaeus
Кәдімгі кірпі Батыс Сібірдің орманды-далалы жазықтығынан Шығыс Қазақстан аумағына осыдан 50 жыл бұрын қоныс аударған. Құлақты кірпіден ірі көлемімен, қалың жылы жүнді терісімен және жүні жасырып тұратын құлағымен ерекшеленеді.
Ертіс жайылмасын мекендейді және біртіндеп оған іргелес орманды- далалы учаскелерге қоныстануда.
Түрлі жәндіктермен, құрттармен қоректенеді; тышқан тәріздес кеміргіштер мен жерге ұя салатын ұсақ құстар ұяларын бұзады.
2-7 баласы болады.
Қыста ұйқыға кетеді.
Құлақты кірпі – Ушатый еж – Еrinaceus (Hemiechinus) auritus
Қазақстанның солтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің шөл және далалық аймағында кеңінен тараған, елдің шығысында Зайсан қазаншұңқырына дейін жетеді, сол жақтағы таралуының солтүстік шекарасы Көкпекті ауданының Қызылқұм құмын қамтиды.
Ұрғашысы жылына бір рет балалап, 3-тен 9-ға дейін кірпіше әкеледі.
Негізінен түнде тірлік етеді.
Жәндіктер, өрмекшілер, құрттар... сияқты түрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Кейде бауырымен жорғалаушылардың ұсақтарын – кесірткелерді, жыландарды жейді; тышқандар мен жерге ұя салатын ұсақ құстардың ұяларын бұзады. Қыста ұйқыға кетеді.
Пайдалы жануар.
< Prev | Next > |
---|