• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size

Тобы: Құстар (Aves). Отряды: Қазтектестер

 Үйрек тұқымдастар


Қолға үйретілген қаз - қутұмсық – Одомашенный гусь-сухонос – Сvgnopsis cvgnoides

Қаздар алғашқы құстардың бірі болған. Адамдар кейбір сүтқоректілерді қолға үйреткеннен кейін қаздарды да қолға үйрете бастады.

Оларды қолда ұстау қолайлы болып шықты: адамға үйір, еті көп, қамауда да жақсы көбейеді, шөп қоректі, оларды азықтандыру жеңіл.

Қаздар жұмыртқа басады: жұмыртқаны жарып шыққан мамықты балапан жүруге, жүзуге, жемін тауып жеуге өте бейім келеді. Олардың осындай қасиеттері қолға үйретуде үлкен роль атқарды.

Жер шарындағы ондаған түрлі қаздардың ішінен африкалық, еуропалық және азиялық қаздар, яғни олардың үш түрі: Африканың солтүстігін мекендейтін нілдік, Еуропада – сұры қаз, Қытайда – қутұмсық қаздар таңдап алынды.

Хайуанаттар бағындағылары – қытай қазы-қутұмсық тұқымы. Қаздар тараған аумақтар айтарлықтай кең болған. Күршім өзенінің Ертіске құяр тұсына таяу жердегі Зайсан қазаншұңқырының су-шалшықты алқаптарына ұя салады.

Қаздарды кейде мәдени өсімдіктерді арам шөптерден тазартуға пайдаланады. Мысалы, Оңтүстік Америкада бір жарым миллионнан астам қаз мақта алқабына жайылуға жіберіледі.

Қаздар «Римді құтқарып қалған» деген аңыз бар. Бұл жөнінде екі мың жылдан аса уақыт бойы және күні бүгінге дейін жазып та, дауласып та келеді. Алайда, бүгін де қаздардың тамаша күзетші ретінде ерекше маңызды, соның ішінде стратегиялық нысандарды күзетуге пайдаланылуымен аңыз расталады деуге болады.

Ұяда 5-тен 6-ға дейін жұмыртқа болады.

Жойылып бара жатқан түр. Қызыл кітапқа енгізілген.

 

Мускустық үйрек – Мускусная утка – Рiectropterus gairina

«Жарқыраған» деп аталатын үйректер тобына жатады. Бұл морфологиялық тұрғыда алғанда өте күрделі түр.

Бұл түрлер биологиясының зерттелуі әлі де әлсіз болып отыр.

Табиғатта Оңтүстік және Орталық Америка мен Азияны мекен ететін мускустық үйректердің екі түрі бар.

Соңғысы қолға үйретіліп, тұрмыста «үндіүйрек» деп аталып кеткен мускустық үйректер тұқымының арғы тегі болып табылады.

Күй таңдамайды. Қолда жақсы көбейеді.

Үйректерді еті, жұмыртқасы үшін өсіреді.

 

Каролина үйрегі - Каролинская утка - Aix sponsa

Солтүстік Америкада таралған.

Құс туған отаны – Солтүстік Каролина штаты (АҚШ) арқасында солай аталған.

Таяз, көлеңкелі, орманды тоғандарда өмір сүреді. Қатты ағаш қуыстарында ұя салады.

Жылдам, орағытып ұшады. Ағаш бұтақтарында асқан ептілікпен қозғалады, жақсы жүзеді, сирек сүңгиді.

Еркектерінің қанаты ашық, қарама-қайшы түсті болып келеді.

12-ге дейін жұмыртқа басады. Инкубациялық кезеңі – 30 күн.

Су өсімдіктерінің вегетативті бөліктерімен және тұқымдарымен, жәндіктермен қоректенеді.

 

Отүйрек – Огарь - Tadorna ferruginea

Қазақстанда ұя салады және барлық жерден ұшып өтетіні байқалады. Тұзды және тұщы сулы, жазық һәм таулы тоғандарда тұрады.

Жартастарда, ағаш қуыстарында, жануарлардың иен қалған  қораларында және т. б. жерлерде ұя салады.

8-12 жұмыртқа басады. Ұрғашысы 27-30 күн инкубациялайды.

Өсімдік сабақтарымен, тұқымдарымен, жәндіктермен және ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді.

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …