• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
музейдің достары Қытай вазасы

Қытай вазасы

2007 жылғы 17 қазанда мұражай-қорыққа көркемдік зор құндылығы бар фарфор ваза салтанатты түрде сыйға тартылды. Ол ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр басында Қытайда жасалған екен. Ваза «краклэ» өрнегімен, сондай-ақ сыбызғыда және сарай әншілері мен бишілерін сүйемелдеу үшін пайдаланылған көне музыкалық аспап – шэнеде ойнап отырған.ханымдар мен қызметші әйелдер өмірінен берілген сахналармен әшекейленген.

 


Мин әулетінің билік құрған заманынан (1368-1644 жылдар) бастап фарфордан жасалған бұйымдарда оның өндірілген уақытын көрсететін марка-белгілер қойыла бастаған. Оларды қазіргі кезде көбінесе таңба деп атайды. Марка иероглифтерден тұратын. Олар «...билігі кезінде жасалған» дегенді және әулеттердің атауларын білдіретін. Осындай маркалар бұйымның түбіне немесе заттың сыртқы бетіне қойылатын.

 


Қазақстандағы AES Корпорациясының мұражай-қорыққа тарту еткен вазасына көк кобальтпен түсірілген жазу сыртқы бетінің жоғарғы жағында орналасқан. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіндегі қытай тілінің оқытушысы Қайырқан Тұрсынхан Зәкенұлы – «Ұлы Цин әулеті. Канси император билік еткен жылдар» деген иероглифті оқып берді. КХР-дың Қазақстандағы елшілігіне фотосуреттері жіберілген болатын, олар да ваза таңбасын растап берді.


Қытайлықтардың ежелден бері фарфорлардың көне үлгілерінің көшірмелерін жасауды ұнататындықтары белгілі. Авторлар «ұлы император Кансидің билік құрған кезеңінде жасалды» (1662-1722 жылдар) деген таңбаны қоюлары, ал бұйымның кейінірек, бірақ сол заманның барлық технологиялық және стилистикалық ерекшеліктеріне толық сәйкес жасалуы мүмкін. Глазурь астындағы марка – бұл керамикалық жақсы шеберханаларда дәстүрлердің сақталатындығының көрсеткіші.

 

AES Корпорациясы вазаны 2004 жылы облыс әкімдігі өткізген қайырымдылық аукционында сатып алған. Вазаны беру рәсіміне AES Корпорациясының вице-президенті Джон Макларен, AES реттелетін компаниялар тобының президенті Джон Аббас, корпорация қызметкерлері, аудармашылар қатысты.

 

Мұражай қорында Қытай материалдық мәдениеті бойынша бірегей бұйымдардың үлкен коллекциясы сақталуда. Ваза мұражай-қорықтағы қытай коллекциясы жәдігерлерінің арасынан лайықты орын алатын болады.

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …