• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
музейдің достары «Құрметті Алтын кітап» туралы Ереже

«Құрметті Алтын кітап» туралы Ереже

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының

«ҚҰРМЕТТІ АЛТЫН КІТАП» туралы

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Мұражай ісін дамытуға, мәдени мұраны қайта түлетуге, сақтауға, құруға және пайдалануға ұжымдық демеушілер мен жеке қайырымдылық жасаушыларды тарту, қоғам адамгершілігін, халықтардың достығын, қазақстандық патриотизмді және қайтарымсыз қаржылай көмек көрсетуді нығайту мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығында «Құрметті Алтын кітап» ашылады.

2.  «Құрметті Алтын кітапқа» мұражай ісіне қомақты үлес қосқан орталықтар, қорлар, компаниялар, фирмалар, банктер, топтар, баспалар, сондай-ақ жеке азаматтар, БАҚ өкілдері және т.б. жазылады.

Жазбада ұйымның немесе фирманың атауы, демеуші мен қайырымдылық жасаушының қысқаша өмірбаяндық сипаттамасы (фотосуретімен), мұражай қызметін ынталандыратын және қолдау жасаған көмектері, қызметтерінің түрлері, бағдарламаларды іске асырудағы ынтымақтастығы, мұражай жинамасын толықтырған шығармалары мен заттарының тізбесі жазылады.

3. «Құрметті Алтын кітапқа» жазба Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы директорының бұйрығымен ресімделеді.

4. «Құрметті Алтын кітапқа» жазба туралы тиісінше «Алғыс» дипломы беріледі, ол салтанатты түрде тапсырылады.

5. «Құрметті Алтын кітап» үнемі сақталады. Жазбаның толуына қарай Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының қорына тиісті құжаттамамен (қабылдау актісі, мүкәммалдық кәртішке және т.б.) өткізіледі.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …